Қазақ батырлары неге атқа қонды

Әдебиеттік оқу · 3-сынып

Сабақ тақырыбы: «Алмас қылышты ардагер» (Ел аузынан)

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру Әдіс-тәсілдер: жұптық жұмыс, талдау, сипаттау Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер суреттері

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мәтіндерді оқыту арқылы оқушыларды көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқылым мәдениетін қалыптастыру және патриоттық құндылықтарды нығайту.

Білімділік

Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Өлеңді талдау қабілетін дамыту, белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Ізгілікті, елжанды тұлға тәрбиелеу; патриоттық сезімді қалыптастыру.

Сабақ барысы

1) Психологиялық ахуал

Дайындық

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап
  • «Халық қорғаны» мәтінінің мазмұнын айтқызу.
  • Қосымша сұрақтар қою арқылы түсінігін нақтылау.

Бағалау: сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен сабақты бекіту және ауызша кері байланыс беру.

3) Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырып

Жаңа сабақтың тақырыбы таныстырылады, мақсаты хабарланады. «Ата-бабам тарихы — менің тарихым» бөлімін бастаймыз.

102-беттегі сурет бойынша жұмыс

  • Суретте кімдер бейнеленген?
  • Ақ боз атқа мінген батырды кім деп атар едіңдер?
  • Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардыңдар?
  • Қазақ батырлары неге атқа қонды?

4) Оқулықпен жұмыс

102–107-беттер

Мәтін: «Халық қорғаны. Алмас қылышты ардагер»

  • Үлгі оқу (мұғалім оқиды).
  • Тізбек бойынша оқу.
  • Тұтас оқу.
  • Мәтінде не туралы айтылғанын анықтау.

Сөздік жұмыс (1)

шұбырынды жасақ ақылгөй жарақ жарым пырақ

Сөздік жұмыс (2)

мәміле тоқырау уәж ірігенді ширату буырқану

5) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқыған салса себетке?