Қожа - сотқар бала
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті • 6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Б. Соқпақбаев — «Менің атым — Қожа»
Мұғалім
Даулетова Алмагүл
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мәтін мазмұнын жүйелі баяндату арқылы негізгі ойы мен идеясын ұғындыру.
- Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, қызығушылықты арттыру.
- Ойды еркін айтуға, пікірін дәлелдеуге және көзқарасын қорғауға үйрету.
Дамытушылық
- Жазушы шығармалары арқылы қиялға ерік беріп, өзіндік қорытынды жасауға баулу.
- Мәтінмен жұмыс істеу және көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту.
- Ізденіске ынталандырып, ғылыми жұмысқа бейімдеу, шығармашылық қабілетті жетілдіру.
Тәрбиелік
- Қожа бейнесі арқылы адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
- Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға және үлгі-өнеге алуға шақыру.
Сабақтың түрі
Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Әдістер
Жүйелеу, талдау, талқылау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым — Қожа» кітабы, тірек сызба, суреттер, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.
- «Шаттық шеңбері» арқылы сабаққа тілек айту.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
- М. Әлімбаевтың «Ана тілім ғажап» өлеңін мәнерлеп айту.
- Қарымта сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.
-
3) Ой қозғау
«Менің атым — Қожа» фильмінен үзінді көрсетіп, жаңа тақырыпты айқындау.
-
4) Жаңа сабақ: автор туралы
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы) — қазақ балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы.
Негізгі еңбектері
- «Бұлақ» (1950) — өлеңдер жинағы
- «Он алты жасар чемпион» (1951)
- «Бақыт жолы» (1952)
- «Алыстағы ауылда» (1953)
- «Балалық шаққа саяхат» (1960) — повесть
- «Дала жұлдызы» (1960)
- «Аяжан» (1963; орыс тілінде 1965)
- «Гауһар» (1966) — повесть
«Менің атым — Қожа» туралы
- Шығарма (1957) балалар сүйіп оқитын туындыға айналды.
- Орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.
- 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы туынды бойынша фильм түсірді.
- Фильм Канн қаласында өткен балалар мен жастарға арналған халықаралық фестивальде (1967) арнайы сыйлық алды.
Топтық жұмыс: Қожа бейнесін талдау
І топ: «Қожа — жақсы бала»
Қожаның тентек болуына әсер еткен себептер
- Әжесінің шамадан тыс еркелетуі.
- Әкесін сағынуы.
- Анасын қызғануы.
- Жантас сияқты балалардың мінезін жақтырмауы.
- Менмендікке бейім болуы.
- Еркелігі мен балалығы.
Қожаға мінездеме
Алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақынжанды, әзілқой, тапқыр; қателігін түсініп, түзеле алатын бала.
ІІ топ: «Қожа — сотқар бала»
Қожаның әдепті жолға түсуіне ықпал еткен себептер
- Анасын аяуы.
- Сәйбек қарт пен Оспановтың айтқан естеліктері мен өнегелі сөздері.
- Майқанованың педагогикалық кеңестен шыққан сәтте айтқан әсерлі ескертуі.
- Әжесін қадірлеуі.
- Болашағы туралы ойлануы.
- Жанарға ұнауға тырысуы.
Жантасқа мінездеме
Өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз; өсекке бейім, араздық тудыруға жақын мінез.
«Бұл кім?» тапсырмасы (дәйексөздер арқылы тану)
«Біреуді біреуге айдап салып, от тастап жүретін; сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдай беретін кім?»
Жауабы: Жантас
«Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар? Қоя беріңіз.»
Жауабы: Қожа
«Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?»
Жауабы: Майқанова
Фильм туралы деректер
Негізгі ақпарат
- Атауы
- «Менің атым — Қожа»
- Жанр
- Комедия, жанұялық
- Мемлекет
- Қазақстан
- Шыққан жылы
- 1963
- Режиссер
- Абдолла Қарсақбаев
- Әңгіме авторы
- Бердібек Соқпақбаев
- Сценарий
- Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский
- Сазгер
- Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлер
- ҚожаН. Сегізбаев
- СұлтанМ. Көкенов
- ЖанарГ. Құрабаева
- ЖантасЕ. Құрмашев
- Миллат (Қожаның анасы)Б. Римова
- РахмановҚ. Қожабеков
- МайқановаР. Мұхамедиярова
- Қожаның әжесіЗ. Құрманбаева
Фильмнің қысқаша мазмұны
Мектепке аты шыққан «сотқар» Қожа бар ынтасымен түзелуге талпынады. Әкесінен ерте айырылған Қожаберген анасына жақын, ал үйге жиі келетін Қаратайға қызғанышпен қарайды. Досы Сұлтанмен бірге бастан кешкен оқиғалары көрерменді күлдіріп қана қоймай, баланың ішкі әлеміндегі арпалысты да көрсетеді. Қожа әкесінің абыройын төккендей сезініп қиналғанымен, ол — ашық мінезді, пиғылы таза, ақкөңіл бала.
Шығармашылық бөлім: «Бес жолды өлең»
І топ: Қожаберген
- Қожаберген
- Алғыр, ақылды
- Еркелейді, намыстанады, түзелуге бет бұрады
- «Мойнына алса, адам баласының қолынан келмейтіні жоқ»
- Ақылды, әділ, мейірімді, сезімтал, парасатты
ІІ топ: Жантас
- Жантас
- Сұмпайы, өсекші
- Біреуді біреуге айдап салады, от тастайды, өсек айтады
- «Ауызбен өсек айту — жақсы қылық емес»
- Сыпсыңдағыш, қу, сумақай, өсекші, сөзуар
«Теріп алу» стратегиясы (дәптермен жұмыс)
Берілген сипаттамаларды кейіпкерлерге бөліп жазыңдар: алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақынжанды, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымпаз.
Қожа
Алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақынжанды, әзілқой, тапқыр; қателіктерін түсіне біледі.
Жантас
Өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз.