Әңгіменің түйіні

Сабақтың өзегі

Бұл сабақ Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасындағы Бала Тұрар бейнесін жан-жақты ашуға бағытталады. Оқушы мәтін мағынасын түсініп, сыни ойлау арқылы қорытынды жасап, ойын жүйелі жеткізуге және өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

Сілтеме

  • Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық
  • СТО стратегиялары

Жалпы мақсат

Бала Тұрар бейнесін ашу арқылы оқушылардың сыни ойлау көзқарасын дамыту, мәтінді терең түсінуін, байланыстырып сөйлеуін, оқығаннан түйін шығаруын, есте сақтауын және дүниетанымын кеңейту.

Күтілетін нәтиже

  • Ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге үйренеді.
  • «Бала Тұрар» мәтінінен мағлұмат алып, мазмұнын меңгереді.
  • Топта бірлесіп жұмыс жасап, пікір алмасуға дағдыланады.
  • Өзін және өзгені бағалауды үйренеді.
  • Тұрар Рысқұловтың мемлекет және қоғам қайраткері екенін біледі.

Оқыту формасы

Жеке оқушымен, жұппен, топпен және сынып ұжымымен жұмыс.

Құрал-жабдықтар

  • «Қызыл жебе» романы (кітап)
  • АКТ, слайдтар, бейнефильм
  • Тірек сызбалар және қосымша материалдар

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер

Модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін және оқуды бағалау

Әдістер

  • Миға шабуыл, ой қозғау
  • Сұрақ-жауап
  • Венн диаграммасы
  • Күнделік, топтастыру

Сабақ барысы

1-кезең: Ұйымдастыру

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күйі мен сабаққа қатысуын тексеру.
  2. 2 Психологиялық дайындық: оқушыны ынталандыратын қысқа ұран-өлең жолдарын бірге айту.
  3. 3 Зейінді сабаққа шоғырландыру.
  4. 4 Топқа бөлу: «Әдебиетшілер», «Тарихшылар», «Зерттеушілер».

Психологиялық кезең (мәтін)

Әрбір адам — досым, сыныптасым.

Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.

Үй тапсырмасын тексеру: «Не білеміз?»

Өткен сабақ бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді өзектендіру және негізгі ойды жинақтау.

  • Өткен сабақта не өттік?
  • Сайыс қай қалада өтті?
  • Жапон палуаны Сар-Кек-Ки қандай шарт қояды?
  • Жиу-джитсу күресінің тәртібі қандай?
  • Басқа палуандар Сар-Кек-Кимен күресуге неліктен қобалжыды?
  • Сар-Кек-Киге мінездеме бер.
  • Әңгіменің шарықтау шегін ата.
  • Қажымұқан қандай әдіс қолданды?
  • Әңгіменің түйіні қандай?
  • Мақалды аяқта: «Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті — …»

Жаңа сабаққа кіріспе

Белсендіру тапсырмасы

Сөзжұмбақ шешу: «Алаш алыптары».

Ой қозғау

Тұрар Рысқұлов туралы не білесің? Өз ойыңды қысқа әрі нақты дәлелмен айт.

Алдыңғы білімге сүйену

2–3-сыныпта Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар», «Интернат», «Қой масы» әңгімелерін оқыған болатынбыз. Бүгінгі сабақта сол білімді жаңа мәтінмен байланыстырамыз.

Негізгі тақырып

Ш. Мұртаза — «Тұтқын бала». Сабақтың фокусы: Бала Тұрар бейнесі.