Кіндік шеше деген кім

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өлеңнің мазмұнына терең үңіле отырып, Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын қосымша деректер арқылы меңгерту. Оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану және өлеңді шын жүрегімен сүйетін, білімді ұрпақ қалыптастыру.

Дамытушылық

Теориялық білімді практикамен ұштастыру; ойлау мен есте сақтау қабілетін, дүниетанымды күшейту; ой-өрісті кеңейту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық ізденіске баулу арқылы пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Қарапайымдылыққа, адамгершілікке, сыйластыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және білімді сүюге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың типі
Дәстүрлі
Көрнекілігі
Плакаттар, суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта
Әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір тәрбие — әдептілік, әдемілік.

Әрбір ісің — шындық пен бірлік.

Әрбір сөзің — Отанды сүю, азамат болу.

Үй тапсырмасын сұрау

«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны арқылы алдыңғы тақырып пысықталады. Әр ұяшық — сұрақ пен ұпай.

20 ұпай

Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?

20 ұпай

«Кіндік шеше» деген кім? Оны жақын адам ретінде қалай түсінесің?

30 ұпай

Ғалым Қаныштың мінез-құлқынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?

30 ұпай

Қаныштың кіндік шешесімен кездескен сәттегі сезімі қандай болды?

40 ұпай

«Сидаң» сөзінің мағынасы қандай?

40 ұпай

«Діңгек» деген не?

Жаңа сабақ

Ширату тапсырмасы (есептер мен әріптер)

Есептердің нәтижесі арқылы сөз құрастыруға бағытталған жұмыс орындалады.

Өрнек Нәтиже Әріп
110 − 20 90 р
75 − 52 23 а
12 ÷ 6 2 қ
90 + 25 115 Ы
8 • 4 + 5 37 ң
9 + 9 − 6 12 Ф

Фариза Оңғарсынова туралы

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап баспасөз беттерінде жариялана бастады. Ақынның 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі және аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрген. Ол тілші, әдеби қызметкер, «Пионер» журналының бас редакторы, ұстаз, аудармашы, сыншыл ақын, Қазақстанның халық жазушысы ретінде танылды.

Өлеңмен жұмыс: «Шаңырақ»

Мәтін

Отан деген не? Дейсің, ұлым, маған.

Ол — сенің ғұмырлы анаң.

Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған

Әнің мен жырың, балам!

Отан — мынау өз үйің, қара, жаным,

Ойнаған дала, бағың.

Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,

Өскен мұнда баяғы бабаларың.

Жасыл орман, тыңдаған бұлбұл әнін,

Асқар тау, мың бұлағың.

Отан — есік алдында бірге ойнаған

Өзіңнің құрбыларың.

Отан — үйдің ертеңі, қаны, жаны —

Өзіңдей сан ұланы.

... Ұлым, сенсің кең-байтақ

Біздің үйдің

Кішкентай шаңырағы!

Оқушылар әр шумақты кезекпен оқып, мазмұны талданады.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс өлеңі

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Мақсаты

Оқушылардың назарын сергітіп, сабаққа қайта шоғырландыру; қимыл арқылы есте сақтауды қолдау.

Жаңа сабақты бекіту

Тапсырмалар

  1. Ақын ұлына «Отан» ұғымын қалай түсіндіреді?
  2. Өз Отаның туралы не білесің?
  3. Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдірер едің?
  4. «Отан» және «шаңырақ» ұғымдарының ортақ тұстары қандай деп ойлайсың?

Құндылық

Елін қорғау

Қасиет

Отансүйгіштік

Ұстаным

Елін, жерін, өскен шаңырағын аялау

Саналы көзқарас

Тарихымызға құрмет көрсету

Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс

«Шаңырақ — шаттығым» тақырыбында өлең құрастыру.

Бағалау

Әдісі

Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау: белсенділік, жауаптың мазмұндылығы, мәнерлеп оқу және шығармашылық жұмыс ескеріледі.