Бір шумақ өлең

Сабақтың тақырыбы: «Атай» (Әнуарбек Дүйсенбиев)

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы • «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ • Бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Эльмира Төлеуғазиновна

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы түсінік қалыптастыру; «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
  • Дамытушылық: адамгершілік қасиеттерді ұғындыру арқылы кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға баулу; ой-өрісті, сөздік қорды, тіл байлығын дамыту.
  • Тәрбиелік: табиғатты аялауға, үлкенді құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

  • Түрі: аралас сабақ.
  • Әдістері: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО технологиясының әдістері, «Инсерт».
  • Көрнекілігі: слайдтар, тақырыпқа байланысты суреттер.
  • Стратегия: топтастыру.
  • Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру, қызығушылық ояту
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Бекіту
  5. V. Қорытынды
  6. VI. Бағалау, кері байланыс
  7. VII. Үй тапсырмасы

I. Ұйымдастыру кезеңі: қызығушылық ояту

Психологиялық ахуал

Бір — парталасыңмен қол алыс.
Екі — қарсы алдыңа қол бұлға.
Үш — қонақтарға жымиып, бас и.
Төрт — маған қарап көзіңді қыс.
Бір, екі, үш — сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Жұмбақтар

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?

Жауабы: Көктем

Қырға кілем жайылды.

Жауабы: Қызғалдақ

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

Жауабы: Қарлығаш

Бұл жұмбақтардан қандай нышан байқадық? Көктем.

Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр.

Топқа бөлу

1-топ «Наурыз»
2-топ «Сәуір»
3-топ «Мамыр»

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесін мазмұндау. Тексеру түрі: «Ойлан, тап» ойыны — тақтадағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

10 ұпайлық сұрақтар

  • Жәнібек Кәрбозин кім? Қандай әңгімесімен таныстық?
  • Алтайдың үйінде неше бала? Ол үйдегі нешінші бала?
  • Алтайды апасы қайда жұмсады?

20 ұпайлық сұрақтар

  • Апасы Алтайды қалай көндірді?
  • Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
  • Қанат ақшасын не себептен жоғалтып алды?

30 ұпайлық сұрақтар

  • Асан Қанатқа көмектесті ме?
  • Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
  • Достық туралы мақал-мәтел айтып көр.

40 ұпайлық сұрақтар

  • Адамгершілік деген не?
  • Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
  • Алтайға мінездеме бер.

Қорытынды ой

Қорытындылай келе, Алтай өзінің жомарттығы, мейірімділігі және қайырымдылығымен нағыз дос екенін көрсетті. Әңгімеден қандай түйін жасадыңдар? Алтайға риза болған кім? Қандай туыстық атауларды білесіңдер (ата, апа, бауыр, қарындас)?

III. Жаңа сабақ: «Атай»

Ой қозғау

А Т А Й

«Атай» сөзін естігенде ойларыңа не түседі? Атамыз, үлкенге құрмет, өнеге, еңбек.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін және ДЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редактор қызметтерін атқарған.

Өлеңмен жұмыс

Оқу тәсілі

  • Өлеңді мұғалімнің оқуы.
  • «Инсерт» әдісі: түсініксіз тұстарды белгілеу.
  • Оқушылардың іштей оқуы және тізбектей оқуы.

Сөздік жұмысы

  • Шот, кетпен — еңбек құралдары.
  • Тозған — ескі, мүжілген.
  • Амангелді Иманов — қазақ халқының батыры.

Талдау

  • Өлең 4 шумақтан тұрады.
  • Әр шумақта 4 тармақ бар.
  • Суретпен жұмыс арқылы мазмұнын нақтылау.

IV. Бекіту

1) Ойлан, жұптас, талқыла

  • I топ: «Далаға көктем келді» деп бастап әңгіме құрау.
  • II топ: сурет салу.
  • III топ: бір шумақ өлең шығару.

2) «Тікелей радиоэфир»

Оқушылар сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріп, өлеңнің негізгі идеясын «эфирде» жеткізеді: үлкенді сыйлау, еңбекке құрмет, адамгершілік.

Негізгі ойды айқындау

«Атай» өлеңі арқылы оқушылар үлкенге құрмет, кішіпейілділік және еңбекқорлық құндылықтарын тереңірек түсінеді.

V–VII. Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар «Тату көрші» тақырыбы аясында татулық, сыйластық, жақсылық жасау туралы ой қорытады.

Кері байланыс

  • Сабақ ұнады, бәрін түсіндім.
  • Сабақ ұнады, бірақ біраз тұсы түсініксіз болды.
  • Сабақ ұнамады, ештеңе түсінбедім.

Үй тапсырмасы

  • «Атай» өлеңін жаттау.
  • «Менің атам» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.