Ата - аналарға көмектесу
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық —
Бір жадырап қалайық!
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Әдептілік — әдемілік». Қош келдіңіздер!
Сәлемдесу мәдениеті
1-оқушы
Білер қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
2-оқушы
«Сәлеметсіз бе, ағай?» — деп,
«Сәлеметсіз бе, апай?» — деп,
«Есенсіз бе, әжей?» — деп,
«Амансыз ба, атай?» — деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Тәжірибелік тапсырма
Әдеп бойынша қазір бір-бірімізбен амандасайық: парақшаларда жазылған әр елдің амандасу түрін айтып, сәлемдесеміз.
Әдептілік пен әдепсіздікті ажырату
Мұғалім сұрақ қояды: егер әрекет әдептілікке жатса — қол шапалақтаймыз, ал әдепсіздік болса — аяқпен жер тебеміз.
-
Кездескенде амандасу
-
Біреуді итеріп, кешірім сұрамау
-
Жерге түскен затты көтерісу
-
Кішіні ренжіту
-
Мектепке кірерде бас киімді шешу
-
Сыйлық үшін алғыс айту
-
Қатты сөйлеу
-
Біреулер сөйлесіп тұрғанда сөзін бөлу
-
Көршіңді мазақтау
-
Кешіккені үшін кешірім сұрау
-
Кетерде қоштаспау
-
Ата-аналарға көмектесу
-
Ысқыруға бола ма?
-
Достарды және айналадағы адамдарды құрметтеу
-
Автобуста үлкендерге орын беру
-
Дәлізде жүгіріп, адамдарды соғып кету
-
Үлкен ағаны сыйлау
-
Ата-ананың тілін алмау керек пе?
3-оқушы
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен — бұл дейміз.
4-оқушы
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен — бұл дейміз.
Өнеге және көрініс
Жүргізуші
Ата-ананың тілегі — адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі — адал болып өскенің.
Енді 3 «Ә» сыныбының «Бейтаныс бала» атты шағын көрінісін тамашалаймыз. 3 «Ә» сыныбынан 6 оқушыны ортаға шақырамын.
Сергіту сәті
«Иә» немесе «жоқ» деп айтуға, сондай-ақ бас изеуге не бас шайқауға болмайды.
2 «Ә» сыныбы оқушыларының өлең жолдары
Балалардың күнделікті әдеттері арқылы ұқыптылық, сыйластық және үй ішіндегі жауапкершілік тақырыптары бекітіледі.
5-оқушы
Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
6-оқушы
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
7-оқушы
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
8-оқушы
Қалмау үшін керісіп,
Кел, алайық келісіп.
Атқарайық үйдегі
Жұмысты тең бөлісіп.
9-оқушы
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Інімізді ойнатып.
10-оқушы
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Жұмыстан келген кезде,
Қалсын апам қуанып.