Абай мен Мұхтардың өмірбаянынан
ШҚО облысы, Өскемен қаласы
№ 32 орта мектеп • Қазақ тілі мұғалімдері: Амербекова А. Б., Қасымқанова З. Н.
«Жұлдызды сәт: Абай мен Мұхтар»
Мақсаты
- Оқушыларды Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
- Олардың туындыларын оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Эпиграф
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол — одан із қалады, іс қалады, сөз қалады.
Ы. Жақаев
Цветы увядают, звезды гаснут, люди умирают. Только у человека есть одна особенность — после него остается след, дело, слово.
Ы. Жакаев
Көрнекіліктер
Жұлдызды сәттің барысы
Кіріспе сөз (екі жүргізуші)
Жүргізуші 1
Құрметті қонақтар! Бүгін сіздер Абай мен Мұхтарға арналған мерекеге келіп отырсыздар. Мерекенің атауы — «Жұлдызды сәт: Абай мен Мұхтар».
Жүргізуші 2
Добрый день, дорогие гости! Сегодня у нас праздник, посвященный Абаю Кунанбаеву и Мухтару Ауэзову. Вы присутствуете на звездном часе: «Абай и Мухтар».
Жүргізуші 1
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол — одан із қалады, іс қалады, сөз қалады.
Жүргізуші 2
Цветы увядают, звезды гаснут, люди умирают. Только у человека есть особенность — после него остается след, дело, слово.
Ереже
Әр дұрыс жауап үшін қатысушыға жұлдыз беріледі. Жүргізушілер сұрақтарды кезекпен қояды.
I сайыс: Абай мен Мұхтардың өмірбаяны
I тур • Из биографии Абая и Мухтара
Абай туралы қысқаша ой
Қазақ жерінде ақын да, дана да көп болғанымен, Абай — біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Кемеңгер Абай ата — күллі қазақтың туын ұстап тұрған ұлы тұлға.
Өзіңіз үміт еткен шөберелеріңіз сіз туралы толғап, сыр шертпек:
Сәлем еді айтқан бүгінге,
Араға тастап талай жыл.
Күндіздей жарық түнде де,
Жадырап қазір Абай жүр.
«Путь Абая» романынан
Хороший человек в степи появился — имя ему Абай. У него особенные слова и наставления. Это мудрец, заступник народа, друг несчастных, враг насильников — он сын своего народа.
Будем слушать его речи и запомним его наставления. Будущего поэта воспитывали две замечательные женщины: умная и справедливая бабушка Зере и добрая, остроумная мать Улжан.
Он рос внимательным, впечатлительным мальчиком, за что мать дала ему другое имя — Абай (внимательный, проницательный).
Сұрақ 1
Абайдың шын аты кім?
- 1)Мұхамедханафия
- 2)Ибраһим
- 3)Ильяс
Сұрақ 2
Абай қай жылы, қай жерде туған?
- 1)1894 жылы, Талдықорған облысы, Ақсу ауданы
- 2)1835 жылы, Көкшетау облысы, Құсмұрын бекеті
- 3)1845 жылы, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы
Сұрақ 3
Абайды неше жасында Семейдегі діни мектепке оқуға берді?
- 1)9 жасында
- 2)10 жасында
- 3)12 жасында
Шағын тапсырма
«Абай кім?» — оқушы Абайдың өмірбаянын қысқаша айтып береді.
Мұхтар Әуезов туралы
«Мұхтар Әуезов — шақар шабытты және бақытты жазушы».
Николай Тихонов
«Қазақтың әр жазушысы қолына қалам алғанда, Абай арқылы әдебиетіміз жаңа бір сатыға көтерілгенін ескеріп, сол сатыға көтерілуді, одан да жоғары өрлеуді арман етсе деймін».
Ғабит Мүсірепов
«Әуезов үлкен гуманист еді. Ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйді; өзге халықтардың әдебиетін терең түсініп, құрмет тұтты».
Александр Корнейчук
За семь лет до смерти Абая в соседнем ауле, у склона Чингисских гор, родился мальчик. С детства он видел мир распрей, насилия и несправедливости и знал стихи Абая. Впоследствии он станет писателем и создаст книгу о своем великом соседе. Этим мальчиком был Мухтар Ауэзов.
Сұрақ 1
Мұхтар Әуезовке биыл неше жыл толады?
- 1)100 жыл
- 2)150 жыл
- 3)120 жыл
Сұрақ 2
Мұхтар Әуезовтің атасының аты кім?
- 1)Омархан
- 2)Әуез
- 3)Құнанбай
Сұрақ 3
Мұхтар Әуезов қай университеттің филология факультетін бітірді?
- 1)Мәскеу университеті
- 2)Ташкент университеті
- 3)Ленинград университеті
Шағын тапсырма
«Мұхтар кім?» — оқушы Мұхтардың өмірбаянын қысқаша айтып береді.
Абайдың музыка мұрасы
Ұлы ақын-ағартушы Абай музыка саласында да мол мұра қалдырды. Әуелде әндері өз ортасына, ауыл-аймаққа тараса, кейін бүкіл қазақ даласына жайылды. Халықтық негізден нәр алған Абай әндері ауыздан-ауызға көшіп, қалың жұрттың игілігіне айналды.
Абай с детских лет любил народное искусство: сам пел и играл на домбре, высоко ценил певцов и акынов. Он напевал свои песни близким, а исполнители включали их в репертуары и распространяли среди народа.
«Көзімнің қарасы» — «Ты — зрачок моих глаз».
II сайыс: Абай мен Мұхтардың шығармалары
II тур • Произведения Абая и Мухтара
Абайдың шығармашылық әлемі
Абай қырық жасқа таяғанда өлең жазуға және ізденіске көбірек мүмкіндік алады. Оның шығармаларында қазақ өмірі мен адам мінезі данышпандық тереңдікпен, ақындық шеберлікпен суреттеледі.
Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов сияқты алыптардың туындыларын қазақ тіліне көркемдікпен аударды.
Назидание және ой
Абай — қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Соңғы жылдарында ол өзінің әйгілі «қара сөздерін» жазады. Еңбек 45 жас шамасында басталған.
«Егер бір адам өзіне керек сөзді тапса, оны көшіріп алып, іске асырсын», — деген мазмұндағы ойы оқырманды әрекетке шақырады.
Сұрақ 1
Абайдың неше қара сөзі бар?
- 1)30
- 2)35
- 3)45
Сұрақ 2
Абайдың поэмалары нешеу?
- 1)3
- 2)5
- 3)6
Сұрақ 3
Мына шығармалардың қайсысын Абай аударды?
- 1)Гогольдің «Ревизор» пьесасы
- 2)Пушкиннің «Евгений Онегин» романы
- 3)Тургеневтің «Дворянское гнездо» романы
Қара сөзден үзінді
Орысша оқу керек: хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста зор. Тілін білсең, көзің ашылады. Орыстың ғылымы мен өнері — дүниенің кілті; оны білгенге дүние арзанырақ түседі.
Перевод смысла
«Изучай культуру и искусство русских. Это — ключ к жизни. Если ты получил его, жизнь твоя станет легче», — писал Абай в одном из назидательных слов.
Өлең: «Ғылым таппай мақтанба» — «Пока не знаешь — молчи».
Мұхтар Әуезовтің мұрасы
«Мен Мұхтар Әуезовтің шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын».
Луи Арагон
Мухтар Ауэзов внес неоценимый вклад в развитие казахской литературы. Драматург, переводчик русской и европейской классики, ученый — наследие великого писателя поистине неисчерпаемо.
Сұрақ 1
М. Әуезовтің тұңғыш пьесасы (1917) қалай аталады?
- 1)«Еңлік – Кебек»
- 2)«Қаракөз»
- 3)«Бәйбіше-тоқал»
Сұрақ 2
Мына шығармалардың қайсысын Әуезов аударды?
- 1)В. Шекспир «Укрощение строптивой»
- 2)Л. Н. Толстой «Воскресенье»
- 3)А. С. Пушкин «Дубровский»
Сұрақ 3
М. Әуезовтің соңғы жылдарда жазған шығармасы?
- 1)«Лихая година»
- 2)«Племя младое»
- 3)«Серый лютый»
Қызықты байланыс: Гетенің «Ночная песнь путника» өлеңін Лермонтов орыс тіліне аударған, ал Абай қазақ тіліне тәржімалаған. Оқушы өлеңді жатқа оқиды.
III сайыс: Қазақтың тұңғыш эпопеясы
III тур • Роман «Путь Абая»
«Мұхтар Әуезовтің Абайы — бұл нағыз роман: өмірдің тұтас қыртыстарын қопарып, тұрмысты, адамдар арасындағы құштарлықты, махаббат пен өшпенділікті айқын бояумен берген, ең бастысы — есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған кең құлашты кітап».
Леонид Соболев
Әуезовтің ізденісі
«Материал жинау барысында мен Абайдың достарымен де, ақын талантын күндеушілермен де, замандастарымен де, балаларымен, немерелерімен де әңгімелестім. Осы ізденістің нәтижесінде болашақ кейіпкерім туралы орасан көп дерек жинадым», — деп еске алады Мұхтар Әуезов.
Мухтар Ауэзов с 1923 года начинает собирать материалы о жизни Абая, многократно объезжает окрестности Чингиз-Тау. «В эти годы (1923–1925) я встречал людей, непосредственно знавших героя моего будущего романа», — вспоминает он.
Чингиз Айтматов дәл айтқан: «Удивительной силой обладают книги большого художника. Ты открываешь их — они открывают тебя».
Сұрақ 1
«Абай жолы» романының бірінші кітабы қай жылы жарық көрді?
- 1)1938
- 2)1942
- 3)1947
Сұрақ 2
«Абай жолы» үшін М. Әуезов қай жылы Ленин сыйлығын алды?
- 1)1949
- 2)1959
- 3)1961
Сұрақ 3
«Абай» операсының музыкасын жазған композиторлар кімдер?
- 1)Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди
- 2)Ғазиза Жұбанова
- 3)Евгений Брусиловский
Сұрақ 4
«Абай жолы» романы неше тілге аударылды?
- 1)10
- 2)20
- 3)30
Сұрақ 5
Мұхтар Әуезов «Абай» трагедиясын кіммен бірге жазды?
- 1)Зоя Кедрина
- 2)Леонид Соболев
- 3)Михаил Луконин
Көркем мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Серый лютый» әңгімесінен үзінді. Оқушы жатқа оқиды.
Қорытынды
Жеңімпазды анықтау
Жүргізушілер қатысушылардың жұлдыздарын санайды. Нәтижесінде мерекенің жеңімпазы анықталады.
Марапаттау
Қатысушыларға сыйлықтар табыс етіледі.