Сәкен Сейфуллин Қызыл шұнақ
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин — «Қызыл шұнақ»
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау, сөздік жұмысы, сұрақ-жауап, «Кубизм» стратегиясы
Дереккөздер мен құралдар: Сәкен Сейфуллиннің портреті, қыс мезгілінің суреттері, слайд, фишкалар, маркер, стикерлер
Жалпы мақсат
Білімдік
Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсінігін кеңейту; «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу; мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорын байыту, танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
Имандылыққа тәрбиелеу, табиғатты сүйе білуге және аялауға баулу.
Күтілетін нәтиже
- Бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауызекі тілде орынды қолдана алады.
- Жұптық және топтық жұмыстарда белсенділік танытып, сыни тұрғыдан баға бере алады.
- Табиғат сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды, Сәкен шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.
I. Қызығушылықты ояту
1) Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — ана тілім.
ә) Топ ережесі
- Мұғалімнің сөзін мұқият тыңдау.
- Өз біліміңді ортаға салу және пікір айту мәдениетін сақтау.
- Өзіңді және өзгені құрметтеу.
- Жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту.
б) Бағалау тәсілі
Әр дұрыс әрі толық жауапқа «бүтін Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» беріледі. Сабақ соңында жинақталған белгілер бойынша қорытынды баға қойылады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Желтоқсан батыр» ертегісін қайталау. «Мозаика» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөліп, бөлім бойынша қайталау жүргізіледі.
I топ — сұрақтар
- Табиғат дегеніміз не?
- Бөлім кімнің, қандай шығармасымен басталды?
- Шал мен кемпір балаларының қайсысының мінез-құлқы ұнады?
- Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
- Білетін жұмбағыңды жасырып көр.
II топ — сұрақтар
- Қандай ертегімен таныстық? Одан не үйрендік?
- Балаларының атын қалай атады?
- Кейіпкерлері арқылы ертегінің түрін ажырат. Өз ойыңды дәлелде.
- Мамыргүл қандай қыз?
- Жаттаған мақал-мәтелдеріңді айтып, мағынасын түсіндір.
III топ — сұрақтар
- Адам аттарын қалай атады?
- Қандай ертегімен таныстық?
- Туған жердің табиғатын көркейту үшін сен не істер едің?
- Табиғатты зерттейтін ғылым саласын ата.
3) Жаңа білімді меңгеруге дайындық
а) Топтық жұмыс: «Кубизм» стратегиясы
I топ — Суреттеңіз: табиғат құбылыстары туралы әңгімелеңіз.
II топ — Салыстырыңыз: жыл мезгілдерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.
III топ — Саралаңыз: адамдар қай жыл мезгілін көбірек ұнатады? Себебін талдаңыз.
ә) ТСО арқылы сурет көрсету
Жаз мезгіліне қатысты суреттер көрсетіледі.
б) Сурет бойынша жұмыс
Суретке сүйеніп, қысқа әңгіме құрастыру.
Келесі бөлім
Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» шығармасымен танысу.