Табиғат ана

Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат сыйы»

Мақсаты

Оқушылардың табиғатпен үйлесімді өмір сүру, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

  1. Табиғаттың тіршіліктің бастауы екенін, адамның табиғаттың бір бөлшегі екенін және табиғат заңдылықтарын сақтаудың маңызын түсіндіру.
  2. Табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
  3. Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: тілек

Шөліркемей гүл тұрсын!
Жерім жайнап құлпырсын!
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі гүл тұрсын!

Нұр сыйлаған күн ыстық,
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық!

Балалар кезекпен «Жер-анаға» және бір-бірімізге деген өтінішімізді, ізгі тілегімізді айтайық.

Поэзия арқылы ой ашу

Мәнерлеп оқу

Дәулетияр Әлімжанов — «Табиғат сыйы»

Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.

Сурет бойынша әңгімелеу

  1. Табиғат адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді?
  2. Суретке қарап, «табиғат сыйы» туралы не айтуға болады?

Іздену бағыты

Табиғат — адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Табиғаттың бір бөлігі — өсімдіктер. Өсімдік — ішсең ас, кисең киім, дем алсаң ауа, саялы панажай.

Көшелерге, алаңдарға, емдеу орындарының айналасына ағаштарды көбірек егу қажет, себебі ол ауаны тазартады, көлеңке береді, қала көркін арттырады және адамның денсаулығына пайдалы.

Табиғатты аялау: мәтін, көрініс, сұрақ

Мәнерлеп оқу

Ө. Тұрманжанов — «Құс ұясын бұзбайық!»

(Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.)

Көрініс көрсету

  • Табиғат-ана
  • Оқушы
  • Мұғалім

Ой қозғайық

  • Табиғат-ана балаларға неліктен өтініш айтады деп ойлайсыңдар?
  • Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

Құстардың жақсы қасиеттері

Төмендегі құстарға тән жақсы қасиеттерді тауып айтыңдар:

Аққу

Жақсы қасиеті: ...

Қарлығаш

Жақсы қасиеті: ...

Қыран

Жақсы қасиеті: ...

Тоқылдақ

Жақсы қасиеті: ...

Сауысқан

Жақсы қасиеті: ...

Бұлбұл

Жақсы қасиеті: ...

Тоты

Жақсы қасиеті: ...

Керекті сөздер

адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы, әншілігі, әдемілігі.

Табиғатпен тілдесейік

Бейнесуретпен жұмыс: табиғат көріністерін қарап, табиғаттың адамға беретін сыйы туралы ой бөлісеміз.

Жаңа сабақ: «Наурызгүл»

Мәтінді оқу және түсіндіру

  1. Наурызгүл қызды қалай сауықтырды?
  2. Осы гүлді «табиғат сыйы» деуге бола ма?
  3. Наурызгүлдің қандай қасиеттерін адам бойынан табуға болады?

Дәйексөз

Табиғат — ана адамның қыстан шаршап, көктемді сағынғанын сезеді. Қар толық ерімей жатқан шақта-ақ Наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, қуаттанып, қайраттанып қалады.

В. А. Сухомлинский: «Табиғаттың әдемілігі — адам жанының тазалығы».

Негізгі ой

Табиғат-ана адамдар әдемі, мейірімді болсын деп сан алуан гүлін сыйлайды. Ұлдарының емендей мықты, қыздарының қайыңдай нәзік болуын тілегендей. Табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

Шығармашылық және дәптермен жұмыс

Шығармашылық тапсырмалар (4 топ)

  1. Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу.
  2. Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу.
  3. Табиғат туралы бес жолды өлең құрастыру.
  4. Туған жердің табиғат сыйы туралы жазу.

Дәптермен жұмыс

  1. Гүлге тән жақсы қасиеттерді күлтелерге жазу.
  2. «Күннің орнында болсаңдар, айналаңа қандай жылылық сыйлар едіңдер?» — ойыңды жазу.

Жаңа ақпарат

Адам баласы табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажетті нәрсенің бәрін табиғаттан алады. Табиғат — адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы.

Табиғат-ана барлығына ортақ. Сондықтан табиғат тазалығы — адамзат амандығы екенін естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті — табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, ағаш егу және қамқорлық жасау.

Адам мен табиғат — біртұтас: табиғат адамның асыраушысы әрі панасы. Оны таза ұстау және мейіріммен қарау — әр адамның парызы.

Топпен жұмыс

1-топ

Табиғат туралы бес жолды өлең шығару.

2-топ

Табиғат туралы мақал-мәтелдер жазу.

3-топ

Ырым-тыйым сөздер жазу.

4-топ

Туған жердің табиғат сыйы туралы жазу.

Тыныштық сәті

Қысқа уақыт тынышталып, табиғат туралы жылы ойға назар аударамыз: айналаны қорғау үшін бүгін қандай жақсы іс жасай аламын?

Түйіндеме және қорытынды

Түйіндеме

Табиғат дегеніміз — аң-құс, өсімдік, тау-тас, өзен, ауа, жер және тағы басқа тіршілік дүниесі. Бұлар — біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқор болу — әр адамның міндеті. Мұны өмір заңдылығы деп білейік.

Үй тапсырмасы

  • «Наурызгүл» мәтінін оқу, түсіну.
  • Бес жолды өлең құрап келу.

Қорытынды сұрақтар

  1. Бүгін сабақта нені білдік?
  2. Қандай ой түйдік?
  3. Не үйренгім келеді? (пікір ағашы)

Жүректен жүрекке

Оқушылар жүректен шыққан жылы сөздерін, бір-біріне арналған тілектерін айтады.

Поэзия минуты

Ризамыз, Табиғат — Анамыз,
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат — Анамыз,
Қашанда қорғаушы панамыз.

М. Мақатаев

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол — анаң ғой, ал сен — кенже ұлысың.

Қорытынды үндеу

Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық! Табиғат аясында жадырап, жас баладай дем алайық; біз де одан жақсылықты аямайық.

Ән

«Атамекен»
Әні: Ескендір Хасанғалиев
Сөзі: Қадыр Мырза Әлі

Мадақтау

Оқушыларды мадақтау, марапаттау.

Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата-аналар! Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!