Сұрақтар арқылы талдау
Математика (2-сынып)
Тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау
Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Әдістер
Ойын, топтық жарыс, көрнекілік, сұрақ-жауап
Технология
Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың мақсаттары
- Сандарды оқу, жазу және салыстыруға қатысты білімді бекіту; ондықтармен және бірліктермен санауды, кестелік қосу мен азайтуды, сондай-ақ сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды қайталау.
- Бір амалмен шығарылатын есептерді орындау дағдыларын дамыту.
- Пәнге қызығушылықты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта слайдтары, түрлі түсті жолақшалар, сызбалар, ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, цифрлар.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық бағыт беру:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Математика ілімін
Лезде қағып санамыз.
Жаңа сабақ (интерактивті тақта)
Слайд: жасыл жолақша — 10 тор, көк жолақша — 20 тор.
Талдау сұрақтары
- Неше жолақша бар?
- Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
- Неше көк шаршы бар?
- Соңғы жолақшада барлығы неше жолақша құрастырылған?
- Оның нешеуі жасыл түсті? Нешеуі көк түсті?
Негізгі тұжырымдар
- Бір жолақша — бір ондық: 10.
- Көк жолақша — екі ондық: 20.
- Бір шаршы — бір бірлік.
Тақтаға жазу: 4 + 6 = 10
Ауызша жұмыс (Айболаттың сұрағы)
Қанша ондық және қанша бірлік бар екенін айт:
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
0 0 0 0 0 0 0 0
1 1 1 1 1 1 1 1
№2 (4-бет)
Тақтаға және дәптерге жазу:
- Бір таңбалы сандар: 1, 2, 5, 7, 9
- Екі таңбалы сандар: 80, 60, 40, 30, 10
№3 Есеп
Шарт: Нұржан 10 жаста, Айдар 7 жаста.
Сұрақ: Нұржан Айдардан неше жас үлкен?
Шешуі: 10 − 7 = 3
Жауабы: 3 жас үлкен.
Салыстыру: Есептің шарты мен шешуі бірдей, ал сұрақтары әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы, дәл осы шартпен: Айдар Нұржаннан неше жас кіші? Жауабы — 3 жас кіші.
Сергіту сәті
1, 2, 3 — қарлығаш боп ұш,
4, 5, 6 — қарлығаш боп шалқы,
7, 8, 9, 10 — қарлығаш боп қон!
Ойын: «Гүл алаңы»
Жарыс түрінде өткізіледі: 3 топ тапсырмаларды шапшаң орындап, нәтижесін тақтаға жазады (оқулық, 5-бет).
Қай топ (қатар) тез орындаса — сол жеңімпаз.
Шығармашылық тапсырмалар
1-тапсырма (оқулық, 6-бет)
Интерактивті тақтада сызба арқылы орындау:
- 1) Сары емес — жасыл.
- 2) Жасыл да, сары да емес — қызыл.
- 3) Қызыл да, жасыл да емес — көк.
- 4) Көк те, жасыл да, қызыл да емес — сары.
Сұрақ: Әр қорапта қандай шар бар?
2-тапсырма: Кроссворд шешу
Көлденең
- 1) Геометриялық фигура
Тігінен
- 1) Айырманы табуға арналған амал
- 2) 24 − 20
- 3) 35 − 29
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта ондық пен бірлік ұғымдарын бекіттік, сандарды оқып-жазуды және салыстыруды қайталадық, сондай-ақ бір амалмен шығарылатын есептерді орындадық.