Оқушылар білімін бағалау
Байқоңыр қаласы • №14 бастауыш мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Балжанова Салтанат Ерназаровна
Сабақтың тақырыбы
Жаз. А. Құнанбаев, «Шілде». М. Дулатов
Түрі
Дәстүрлі
Типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Өлең мен мәтіндегі негізгі идеяны түсіндіру.
- Авторлар туралы қысқаша түсінік беру.
- Жыл мезгілінің ерекшеліктері арқылы адамдардың қоғамға пайдалы еңбегін таныту.
Дамытушылық
- Білімді тәжірибеде қолдану арқылы ой-өрісті дамыту.
- Ойын толық, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
- Сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік
- Табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
- Еңбексүйгіштікке баулу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Формасы, әдістері
- Формасы: сыныптағы жүйелі сабақ
- Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, интерактивті әдістер
Көрнекіліктер мен ТСО
- Оқулық
- «Сиқырлы қорапша», ойын құралдары
- Мультимедиялық құралдар, үнтаспа
Сабақ кезеңдері (уақыт бөлінісі)
I. Ұйымдастыру
2 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру
8 мин
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық
2 мин
IV. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау
15 мин
V. Түсінгенін тексеру
10 мин
VI. Бекіту, қорыту
5 мин
VII. Бағалау
2 мин
VIII. Үй тапсырмасы
1 мин
I. Ұйымдастыру
«Шаттық шеңбері»
Барлығымыз қол ұстасып, шаттық шеңберін құраймыз. Шеңберіміз көктегі жылу беретін Күн сияқты дөңгелек. Бір-бірімізге қарап, жақсы көңіл-күй сыйлап, жылы тілектер айтамыз.
Сабақ ережесі және бағалау
- Мұғалімнің сөзін мұқият тыңдау.
- Өз біліміңді ортаға салу, өзіңді және өзгені құрметтеу.
- Жаңа білімді меңгеруге белсенді қатысу.
Әрбір толық әрі дұрыс жауап үшін «Күн», ал толық емес жауап үшін «Бұлтты Күн» беріледі. Сабақ соңында жинақталған белгілер бойынша бағаланады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тапсырмалар
- «Көктем» тақырыбына өлең немесе эссе жазу.
- «Сарқылмас қазына» тарауын қайталау.
Ойын: «Сиқырлы қорапша»
Мақсаты: «Сарқылмас қазына» тарауы бойынша білімді тексеру.
Шарты: оқушылар шеңбер бойымен отырады. Әуен ырғағымен қорапша айналады. Әуен тоқтағанда, қорапша кімнің алдына келсе, сол оқушы қорапшадан сұрақ алып, тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар
- «Сарқылмас қазынаға» нелер жатады?
- Айтыс дегеніміз не?
- Сыныптастарыңмен Біржан мен қыз айтысын сахналап көрсетіңдер.
- Қандай аңыздармен таныстық?
- «Әке мен бала» аңызы бізді неге үйретеді?
- Білетін жұмбағыңды жасыр.
- Жаттаған мақал-мәтеліңді айтып, мағынасын түсіндір.
- Шешендік сөздер бойынша қандай тақырыптармен таныстық?
- Әкім дегеніміз не?
- Қобыланды батыр кіммен күш сынасты?
- «Алтын балта» ертегісіндегі кедейге мінездеме бер.
- Бесік жырын кім және кімге айтады?
Мұғалім үй тапсырмасын қорытындылап, негізгі тұстарын нақтылайды.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық
ТСО: «Жаз мезгілі» суреті
Көрсетілген сурет бойынша оқушылардың жаз мезгілі туралы бастапқы ойлары анықталады.
Топтық жұмыс (4 адамнан)
- Жаз айларын ата.
- Жазда ауа райы қандай болады?
- Жазда балалар немен айналысады?
- Жазда адамдар қандай еңбекпен шұғылданады?
- Жаз мезгіліндегі жануарлардың тіршілігі қандай?
Мұғалім жаңа тараудың атауын таныстырады: «Жаздыгүн шілде болғанда».
Ойын: «Тұлғаны таны» (жеке жұмыс)
Мақсаты: оқушылардың ақын-жазушыларды тану деңгейін анықтау.
Шарты: экраннан тұлғалардың суреттері көрсетіледі. Оқушы суреттегі адамның аты-жөнін жазады.
- Абай Құнанбаев
- Ыбырай Алтынсарин
- Міржақып Дулатов
Мұғалім сұрақ қояды: «Осы суреттерде қай тұлға артық, неге?» Талқылаудан кейін бүгінгі сабақта негізгі назар Абай мен Міржақып шығармаларына аударылатыны айтылады.
IV. Жаңа білімді түсіндіру және қабылдау
Негізгі мазмұн
- Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңімен танысу.
- Міржақып Дулатовтың «Шілде» атты мәтінін оқу.
- Дәптерге күннің жадын және тақырыптарды жазу.
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, кейін мағынасы талданады.
Өлеңді оқу түрлері
- Іштей оқу
- Тізбектеліп оқу
- Шумақтап оқу
- Тұтас оқу
- Мәнерлеп оқу
Сөздік жұмысы
Көгорай шалғын
көк шөп
Күркіреп
жаңғыра гүрсілдеп
Шұрқырап
оқырана кісінеген
Жоны
арқасы
Өлең құрылысын талдау
Шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас ұғымдары түсіндіріледі.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы: «Жау, жау, жаңбыр!»
Ойын: «Бұлттар сөйлейді» (жұптық жұмыс)
Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: үлестірмелі «бұлттардан» мақал құрастыру.
Мақал:
«Егін ексең тыңға ек, тыңнан өнер өнім көп».
Талқылау сұрағы: мол өнім алу үшін тағы не қажет? Жауап: Күннің жылуы.
Мәтінмен жұмыс: «Шілде»
Оқу тәсілдері
- Тізбектеліп оқу
- Азат жолдармен оқу
- Тұтас оқу
Сөздік
- Желіктегі — құлынды байлайтын жіп
- Бозбала — 15–18 жастағы ұл бала
- Бел орақ — шалғы
V. Түсінгенін тексеру
Сан есімдермен жұмыс
Мәтіннен сан есімдерді тапқызу және түрін анықтау. Қосымша сұрақ: 200 бен 150-дің айырмасы — 50. Бұл сан нені білдіреді?
Ойын: «Ғарышқа саяхат»
Мақсаты: есте сақтауын дамыту және сөздік қорын байыту.
Шарты: оқушылар шеңбер бойымен «Шілде» мәтінінің мазмұнын бірізділік сақтап, толық сөйлемдермен баяндайды.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Тақырыптар: «Жаз», «Шілде».
Ойын: «Домино» (топтық жұмыс, 3 адамнан)
Мақсаты: өлең жолдарын есте сақтау деңгейін анықтау.
Шарты: өлең бірнеше рет оқылады. Оқулық жабылған соң, домино қиындысы арқылы есте қалған жолдарды дұрыс ретімен құрастырады. Соңында жауап эталонымен тексеріледі.
Тапсырма: Абайдың «Жаз» өлеңі.
VI. Бекіту және қорыту
Ойын: «Сыңарын тап»
Мақсаты: жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.
Шарты: тақтадағы сөздерді мағынасына қарай жұптастыру.
Сөздер жиынтығы
А. Құнанбаев, жаз, М. Дулатов, шілде, жаздыгүн, «шілде болғанда», бел, орақ, тас, құм және т.б.
Сұрақ-жауап
- Қандай тарауды бастадық?
- Кімнің өлеңімен таныстық?
- Міржақып Дулатовтың қандай мәтінін оқыдық?
- Шілде дегеніміз не?
- Жаз айларын ата.
Мұғалім негізгі ойды қорытындылап, сабақтың мазмұнын жинақтайды.
VII. Бағалау
Оқушылардың жинаған «Күн» және «Бұлтты Күн» белгілеріне сүйене отырып, қорытынды баға қойылады. Белсенділік үшін мадақтау айтылады, оқушыларға ризашылық білдіріледі.
VIII. Үй тапсырмасы
А. Құнанбаев — «Жаз»
- Өлеңді мәнерлеп жаттау.
- Мазмұны бойынша сурет салу.
М. Дулатов — «Шілде»
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мазмұндап келу.
- Мақалды жаттау.