Әділ қазыларға сөз беру

Қарабау орта мектебі

Өткізген: Қабиден Құндыз

Тәрбиелік шара тақырыбы: «Білгір химиктер» (химиялық жарыс)

Түрі: топтық сайыс

Қатысатын сыныптар: 8, 9

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білімін тексеру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру және оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды, есте сақтауды дамыту және пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Жылдам ойлануға, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер
  • Шарлар
  • Химик-ғалымдардың сөздері жазылған қағаздар
  • Үлестірмелер және қосымша материалдар

Жоспар

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды белгіленген орындарына отырғызу
  • Әділқазылар алқасын белгілеу
  • Қатысушылардың назарын сайысқа аудару

II. Кіріспе бөлім

Ойынның мақсаты мен шарттарымен, сайысқа қатысатын топтармен және әділқазылар құрамымен таныстыру.

III. Негізгі бөлім

I кезең

«Ал, қане, танысайық»

II кезең

«Білгір бол!»

III кезең

«Ойлан, тап!»

IV кезең

«Тапқырлық таныт!»

V кезең

«Қапы қалма!»

IV. Қорытынды бөлім

  • Сайыстың қорытындысын шығару
  • Әділқазыларға сөз беру
  • Қатысушы топтарды марапаттау

Сайыстың барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Ғажайып нәрсе — химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зыя,
Жаңарып бірі жаралған.

Өмірдің керек кілттерін
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге?

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Химияның керемет әлеміне үңіліп, оның құдіретін тереңірек тану үшін бүгін 8 және 9-сынып оқушылары арасында «Білгір химиктер» сайысын өткіземіз. Қош келдіңіздер!

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын — кім білімді, кім күшті.
Әділқазы, ақ қазыға жүгінсек,
Берер дейміз әділдікпен жеңісті.

Осы орайда сайысымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасын сайлаймыз (әділқазылар мен есептеу комиссиясымен таныстыру).

I кезең: «Ал, қане, танысайық»

Атымызды жасырдық
Төсбелгіге, қарсылас.
Айламызды асырдық,
Бір-біріңмен ақылдас.

Әр топ өз атауын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырып, қарсы топқа тапсырма ретінде ұсынады. Сондай-ақ топтар өз ұрандарын, төсбелгілерін таныстырады.

II кезең: «Білгір бол!»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Келіссеңіз — «иә», келіспесеңіз — «жоқ» деп жылдам жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап — 100 ұпай.

1-топ (9-сынып)

  1. Атом құрамындағы ядро заряды теріс таңбалы болады. (Жоқ)
  2. «Молекула» сөзі «ең кішкене» деген мағына береді. (Иә)
  3. Күкіртсутек — екі негізді оттексіз қышқыл. (Иә)
  4. Осмий металы алақанда балқиды. (Жоқ)
  5. Сынап — сұйық металл. (Иә)
  6. «Бекзат металдар» жемірілуге (коррозияға) оңай ұшырамайды. (Иә)
  7. Калий — сілтілік металл. (Иә)
  8. Атомның планетарлық моделін Ломоносов ұсынған. (Жоқ)

2-топ (8-сынып)

  1. «Атом» сөзі грек тілінен «бөлінбейтін» дегенді білдіреді. (Иә)
  2. Күкірттің салыстырмалы атомдық массасы 56-ға тең. (Жоқ)
  3. Реакциядан кейін түзілген заттар реагенттер деп аталады. (Жоқ)
  4. «Оттек» атауы латын тілінен «қышқыл тудырушы» деген мағына береді. (Иә)
  5. Сутек — ең ауыр газ. (Жоқ)
  6. Натрийдің валенттілігі III-ке тең. (Жоқ)
  7. Реакцияда электрон беретін зат — тотықсыздандырғыш. (Иә)
  8. «Химиялық элемент» ұғымын енгізген ғалым — Бойль. (Иә)

III кезең: «Ойлан, тап!»

Төрт ұяшықта сұрақтар жасырылған. Әр дұрыс жауап — 500 ұпай. Егер топ жауап бере алмаса, қарсылас топқа мүмкіндік беріледі. Екі топ та жауап таба алмаса, жеңілдік алуға болады (барлығы 2 рет). Әр жеңілдік үшін 100 ұпай шегеріледі.

1-сұрақ

Ломоносов «корпускула» деп нені атаған?

1-жеңілдік

Бұл сөздің аудармасы «ең кішкене» деген мағына береді.

2-жеңілдік

Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек.

Жауабы: молекула

2-сұрақ (бейнесұрақ)

Қарабау орта мектебін «Алтын белгімен» бітірген, қазіргі таңда С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің I курс студенті Қабиденова Фариза сұрағын жолдайды: А және Б — газ күйіндегі жай заттар. Олар әрекеттескенде түзілген В заты — иіссіз, түссіз, дәмсіз сұйықтық. Қыздырғанда немесе салқындатқанда агрегаттық күйі өзгергенімен, бастапқы молекуласын сақтайды. Тұрмыста, халық шаруашылығында және өндірісте кеңінен қолданылады. А, Б және В заттарын атаңыз.

1-жеңілдік

В заты белсенді металдардың оксидтерімен әрекеттесіп, гидроксидтер (негіздер) түзеді.

2-жеңілдік

В затының массалық құрамы: А — 11,19%, Б — 88,81%. В затының молекулалық массасы 18,0153-ке тең.

Жауабы: сутек, оттегі, су

3-сұрақ

Қай химиялық элементті «миллионер» деп атайды?

1-жеңілдік

II период, IV топтың негізгі топшасының элементі. Ядросында 6 протон және 6 нейтрон бар.

2-жеңілдік

Бос күйінде алмаз, графит, карбин сияқты аллотропиялық түрлерде кездеседі.

Жауабы: көміртегі

4-сұрақ (бейнесұрақ)

Мектеп түлегі, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген, әртүрлі жерде дизайнер болып еңбек еткен, қазіргі таңда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Телевизиялық графика» мамандығының I курс студенті Ахметов Абылай сұрағын қояды: Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Бұл зат тұрмыста да қолданылады. Заттың атауы қандай?

1-жеңілдік

Бұл заттың йодталған, брикеттелген және басқа да арнайы түрлері өндіріледі.

2-жеңілдік

Тұрмыстық атауы — ас тұзы.

Жауабы: натрий хлориді

IV кезең: «Тапқырлық таныт!»

Үш ұяшық таңдалады. Орындары ауысқан әріптерден сөздер құрап, олардың ішінен артық сөзді табу керек. Тапсырма басталар алдында 100, 200, 300, 400 немесе 500 ұпайдың біріне бәстесесіздер. Дұрыс болса — ұпай қосылады, қате болса — ұпай шегеріледі.

1-тапсырма

улредог доводро орлафум кирдосол

Жауабы: углерод, водород, формула, кислород
Артығы: формула

2-тапсырма

pronto ectоlern neonutr plape

Жауабы: proton, electron, neutron, apple
Артығы: apple

3-тапсырма

внелдееме гааодров юонтьн олмоноовс

Жауабы: Менделеев, Авогадро, Ньютон, Ломоносов
Артығы: Ньютон

V кезең: «Қапы қалма!»

Үш тапсырма беріледі. Сұрақ оқылмас бұрын деңгейін шамалау үшін тірек сөздер айтылады. 100, 200, 300, 400 немесе 500 ұпайдың біріне бәстесесіздер. Дұрыс жауап — ұпай қосады, қате жауап — ұпай шегереді.

1-сұрақ

Тірек сөздері: голланд ғалымы, газ, тотықтырғыш, иісті

(Бейнесұрақ) Мектеп түлегі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін үздік бітірген, қазіргі таңда осы университеттің 6-курс интерн-терапевті Амангелдіқызы Айгерім сұрақ жолдайды: Бұл газды 1785 жылы голланд физигі Ван Марум ашқан. Түсі қою көк, ал сұйық күйінде күлгін-көк. Найзағайлы жаңбырдан кейін байқалатын ерекше иісі бар. Таза күйінде — күшті тотықтырғыш, микроорганизмдерді жояды. Сондықтан су мен ауаны дезинфекциялауда, сондай-ақ қағаз ағартуда қолданылады.

Жауабы: озон

2-сұрақ

Тірек сөздері: тұжырым, ғалым, 1748, заң

(Бейнесұрақ) Қарабау орта мектебінің түлегі, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде журналистика мамандығын оқыған, «Қазақстан–Атырау» телеарнасында редактор-жүргізуші болған, қазіргі таңда Астана қаласында «Қазақстан» ТРК-ның «Жан жылуы» бағдарламасының редакторы қызметін атқаратын Сәндібаева Айымзада сұрақ қояды: 1748 жылы «Табиғаттағы өзгерістердің мәні: бір денеден қанша кемісе, басқаға сонша қосылады; бір жерде материал азайса, басқа жерде сонша көбейеді» деген тұжырымды айтқан ғалым кім? Бұл заң қалай аталады?

Жауабы: Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы

3-сұрақ

Тірек сөздері: массалық үлес, салыстырмалы атомдық масса, формула, қышқыл

Бұл қышқылды «химиялық өндірістің наны» деп атайды. Құрамында: 2% — сутегі, 32,7% — күкірт, 65,3% — оттегі болса, қышқылдың формуласы қандай?

Жауабы: H2SO4 (күкірт қышқылы)

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтар.

Жеңімпаз болу шарты сол:
Еңбектену, жалықпау.
Болмасын ешбір сын-өкпе,
Әсері қалсын жүректе.

Қазылар берген бағалар
Ұштассын айтар тілекке!

(Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.)

Бүгін де химия — барлық жерде:
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Осымен бүгінгі шарамыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет! Сау-саламат болыңыздар!

Қосымша

Презентацияны жүктеу.