Астана қаласының рәміздері
Сабақтың тақырыбы
Астана — елдің бірлігі, Астана — жердің кіндігі.
Сабақтың мақсаттары
- 1 Қазақстан Республикасының астанасы — Астананың ертегі әлеміндегідей ғажап қала екенін, оның Елбасының күш-жігері мен қажыр-қайратының, сондай-ақ халықтың бірлігі мен бірлескен еңбегінің арқасында бой түзегенін түсіндіру.
- 2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
- 3 Отансүйгіштікке және жауапкершілік сезіміне баулу.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
II. Кіріспе: сырттай саяхат
Бүгін сабақта елордамыз Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз. Интерактивті тақтадан «Астана көріністері» тақырыбындағы бейнероликті тамашалаймыз.
II. Топтық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлініп, Астана туралы негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді.
Астананың географиялық орны
Астана қаласы кең-байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыз қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Астана қаласының рәміздері
Астана қаласының рәмізі жобасын Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған. Рәміздің ішкі және сыртқы бөліктері сақинадан құралған шеңбер пішінінде беріледі. Бір-бірімен үйлесім тапқан қос шеңбер — өміршең даму мен мәңгіліктің нышаны.
- Негізгі элемент — Бәйтерек: тамырын кең жайған тіршіліктің бейнесі.
- Шаңырақ — әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуын білдіреді.
- Бәйтеректегі құсқанаты оюы — Самұрық құсына ұқсастықты меңзейді.
- Бәйтерек пен шаңырақтың астасуы — Қазақстан тарихының сабақтастығын айқындайды.
- Сыртқы сақина — Қазақстан тәуелсіздігі мен Астананың асқақтығын паш етеді.
- «Астана» жазуы тұсындағы симметриялық сызықтар — шаңыраққа шашылған уықтарды бейнелейді.
Қаланың қалыптасу кезеңдері
-
1830
Қаланың негізі қаланды.
-
1961 жылға дейін
Ақмола қаласы.
-
1961–1992
Целиноград қаласы.
-
1992
Қалаға тарихи атауы қайта берілді: Ақмола.
-
1997, 10 желтоқсан
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Ақмола тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды.
-
1998, 6 мамыр
Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
III. «Ұшқыр ой» кезеңі
«Құпиялы ұяшықтарда» еліміздің егемендік алғаннан кейінгі жылдарындағы тарихи өзгерістерге қатысты сұрақтар беріледі. Әр топ ұпай санын таңдап, 3 сұраққа жауап береді.
IV. «Поэзия минуты»
Әр топтан бір оқушы Астана туралы өлеңді мәнерлеп оқиды.
V. «Зерде» кезеңі: шығармашылық тапсырмалар
1-топ
Шығарма: «Сүйікті қалам — Астана»
2-топ
Сурет салу: «Болашақ Астана»
3-топ
Өлең жолдарын аяқтау
Ұштастырып жер мен көктің арасын,
Күннен күнге сұлуланып барасың...(Жалғасын оқушылар өз нұсқасымен толықтырады.)
VI. «Ақ тілектер»
Әр топ Астана қаласына өз тілектерін білдіреді.
Тілек үлгісі: Астана әлемдегі ең нұрлы қала болсын.
VII. Қорытынды
Бүгінгі Астанаға жасаған саяхатымыз аяқталды. Астананың көркемдігі мен кең тынысты келбеті туралы ойымыз бекіді. 1999 жылы Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» медалі мен Құрмет дипломы тапсырылды. Бұл — 100 жылда бір рет берілетін мәртебе. Астананың осындай атаққа ие болғанына қуанып, мақтан етеміз.