Темір рудасы

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері

Бұл сабақта пайдалы қазбалардың негізгі түрлері, олардың қасиеттері, қолданылатын салалары және өндіру жолдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігі мен Қазақстан картасымен жұмыс істеу дағдысы дамытылады, тіл байлығы артып, салыстыру және қорытынды жасауға үйренеді. Сабақ табиғатты аялауға және ел байлығын ұқыпты пайдалануға тәрбиелейді.

Сабақтың мақсаты

  • Пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы және өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Танымдық белсенділікті арттыру; Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін және логикалық ойлауды дамыту.
  • Табиғатты қорғауға, табиғи байлықты үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Хабарлау Сұрақ–жауап Түсіндіру Әңгімелеу Баяндау Талдау

I. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы күн! Қайырлы таң!

Күліп шықты бүгін күн!

Бәріміз дос болайық.

II. Миға шабуыл

Миды шынықтыру сұрақтары

Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды қолданады?

Цемент, кірпіш, бетон, ағаш, құм.

Жол құрылысына қандай материалдар қажет?

Ұсақ тас, асфальт, бетон.

Көпір жасау үшін не қолданылады?

Бетон, темір.

Адамдар үйді немен жылытады?

Ағаш, көмір, газ.

Бұл материалдарды адамдар қайдан алады?

Табиғаттан, жер қойнауынан.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жауабы: пайдалы қазбалар

III. Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар

  1. 1 51-беттегі мәтінді оқы.
  2. 2 Тақырыпты оқып, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет.
  3. 3 Әр топты сипатта.
  4. 4 Кестені толтыр.

Пайдалы қазбалардың негізгі топтары

Тобы Мысалдар
Кенді Темір кені
Кенсіз (құрылыстық) Гранит, әктас, құм, саз
Жанғыш Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ

ЕСТЕ САҚТА!

Пайдалы қазбалар — жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.

Пайдалы қазбалардың қасиеттері (слайд материалдары)

Темір кені (Слайд №10)

  • Қатты.
  • Қоңыр түсті.
  • Мөлдір емес.
  • Мықты.
  • Өзіне темір заттарды тартады.

Гранит (Слайд №11)

Құрамы:

  • Кварц (ақ түсті)
  • Слюда (сұр түсті)
  • Дала шпаты (қызыл түсті)
  • Қатты.
  • Сұр немесе қызыл түсті.
  • Мөлдір емес.
  • Бөлшекті құрылымды.
  • Өте мықты.

Әктас (Слайд №12)

  • Қатты.
  • Ақ немесе ақшыл сұр түсті тас.
  • Мөлдір емес.
  • Мықты.
  • Бір тамшы қышқыл тамызса, көпіршіп қайнайды (газ бөлінеді).

Таскөмір (Слайд №13)

  • Қатты, морт сынғыш.
  • Қара түсті, жылтыр.
  • Жақсы жанады және жылуды көп береді.
  • Суда ерімейді.

Мұнай (Слайд №14)

  • Сұйық.
  • Қоңыр түсті.
  • Айрықша иісі бар майлы зат.
  • Судан жеңіл.
  • Жақсы жанады.

Мұнайдан алынатын өнімдер (Слайд №15)

Керосин Мазут Асфальт Синтетикалық каучук Спирт Лак Пластмасса Газ Мастика Бензол Автол Бензин Вазелин

Саз (Слайд №16)

  • Тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.
  • Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түсті болуы мүмкін.
  • Оңай үгітіледі.
  • Суды тез өткізбейді.

Назар аудар

Саз — құрылыста және қыш бұйымдарын жасауға кең қолданылатын кенсіз пайдалы қазба.

IV. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс өлеңі

1, 2, 3 — қарлығаш болып ұш.

4, 5, 6 — қарлығаш болып шалқы.

7, 8, 9, 10 — қарлығаш болып қон.

V. Көмектес картасы

Атауы Қасиеттері Маңызы және қолдану аясы
Таскөмір (I топ) Жанғыш, қара түсті, морт сынғыш, судан ауыр. Пеш жағуға, зауыт-фабрикаларда, ауыл мектептері мен моншаларды жылытуға пайдаланылады.
Мұнай (II топ) Жанғыш, сұйық, қоңыр түсті, иісі бар, судан жеңіл. Жылу береді, қозғалыс күшін тудырады; көлікке отын, тұрмыста және өндірісте түрлі мақсатта қолданылады.
Саз (III топ) Судан ауыр, созылмалы, су өткізбейді, қоңыр түсті болуы мүмкін. Кесе, аяқ-табақ, құмыра, мүсіндер және қыш бұйымдарын жасауға пайдаланылады.

Картамен жұмыс

Картадағы белгісін сал: темір кені, мұнай, таскөмір.

Ойлан

Пайдалы қазбаларды картадан табу — олардың таралу аймақтарын түсінуге көмектеседі және табиғи ресурстардың ел экономикасындағы рөлін бағалауға мүмкіндік береді.

VI. Топтастыру стратегиясы

Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

Пайдалы қазбалар — адам қажетіне пайдаланылатын, жер қойнауынан немесе жер бетінен өндірілетін табиғи тау жыныстары мен минералдар.

Топтары

  • Жанғыш: көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ.
  • Кенді: темір кені.
  • Кенсіз: гранит, әктас, құм, саз.

Табиғатта қандай күйде кездеседі?

Қатты

Темір кені, гранит, әктас, көмір, саз

Сұйық

Мұнай

Газ

Табиғи газ

VII. Сабақты бекіту

«5 жолды өлең» құрастыру

Әр топ өз тақырыбы бойынша 5 жолды өлең құрастырады:

1-топ

Таскөмір

2-топ

Мұнай

3-топ

Саз

VIII. Үйге тапсырма

Оқу және мазмұндау

50–51-беттерді оқу, түсінгеніңді мазмұндап айту.