Қазір қай мезгіл

Сабақтың барысы

Бұл жоспар сабақтың құрылымын кезең-кезеңімен ұйымдастыруға арналған: психологиялық ахуал орнату, өткенді қайталау, жаңа тақырыпты ашу, мәтінмен жұмыс, зерттеу және шығармашылық тапсырмалар арқылы қорытынды жасау.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Біріңғай талап

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру, тәртіп пен жұмыс ырғағын біріздендіру.

Психологиялық сәт

Күндей жадыра,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза, мөлдір көңілмен

бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

1) Ой қозғау (сұрақ-жауап)

  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • Әр мезгілде неше айдан бар?
  • Қазір қай мезгіл? Қай ай?
  • Күзде қандай өзгерістер болады?

Олай болса, балалар, көздеріңді жұмыңдар — біз қысқа саяхатқа шығамыз: «Күз мезгіліне саяхат».

2) Үй тапсырмасы: «Күзгі орманның көріністері»

  1. 1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. 2. Мәтін бойынша мазмұндау.

I қатар

Орман көрінісі

II қатар

Тиіннің қысқа дайындығы

III қатар

Тышқанның тіршілігі

3) Жеке жұмыс (қима қағазбен жұмыс)

«Қыс мезгіліне саяхат»: қыста қандай өзгерістер болады?

4) Суретпен жұмыс

  • Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
  • Қандай жыл мезгілі бейнеленген?
  • Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше?
  • Шегіртке неге жылап тұр деп ойлайсыңдар?

II. Тақырып пен мақсатты хабарлау

Жаңа сабақта А. Құнанбаев және И. А. Крылов туралы қысқаша мәлімет беріледі, әрі олардың шығармашылығы арқылы мысал жанрының ерекшелігі түсіндіріледі.

Мысал дегеніміз не?

Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтайтын тағылымдық шығарма. Мұнда өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынып, адам мінезі тұспалдап беріліп, әжуа-күлкі арқылы ой тастайды.

III. Оқулықпен жұмыс

Оқу әрекеттері

  • Мысалды мәнерлеп оқу.
  • Мысал мазмұнын түсіндіру.
  • Тізбектей оқу.
  • Рөлге бөліп оқыту.

Тілдік жұмыс

  • Мысалдағы жасыл түспен белгіленген сөздерді дауыстап оқу.
  • Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты екенін анықтау.
  • «Кім зерек?» ойыны арқылы салыстыру.

Жаз мезгіліндегі шегіртке

Ән салып, сайрандап жүреді.

Қыс мезгіліндегі шегіртке

Қиындыққа тап болып, панасыз қалады.

Зерттеу жұмысы

Құмырсқа

  • Жәндік; илеу салады, азық қорын жинайды, қорғайды.
  • 10 мыңнан астам түрі бар.
  • Қызыл және қара түстес болады, 20 жылға дейін өмір сүруі мүмкін.
  • Адамға пайдалы; емдік қасиеті туралы мәліметтер бар.

Шегіртке

  • Жіңішке, ұзын мұртты жәндік.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіпті зиянкес.
  • Түрлері көп: сұр, қанатсыз, көшпелі, шырылдауық, қарашегіртке және т.б.

Сипаттау және мінездеме

Шегіртке

Жалқау, ойсыз, панасыз; шырылдайды; зиянкес; шөппен қоректенеді; ән салады.

Құмырсқа

Еңбекқор, адал; үйлі; қызыл немесе қара түсті.

Ұқсастығы

Екеуі де жәндік.

Шығармашылық тапсырма

Берілген тірек сөздер арқылы өлең жолдарын құрастыру:

Ұзын мұртты ..................... (құмырсқа)

..................... (еңбек етіп) терлепті.

Шырылдауық ..................... (шегіртке)

..................... (жазы бойы) сайрандап,

..................... (қыс келерін) білмепті.

Қорытынды және рефлексия

Талқылау сұрақтары

  • Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бар ма?
  • Шегіртке сияқты қиындыққа тап болмас үшін не істер едің?

Үй тапсырмасы

Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтелдер жазу.

Бағалау

Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауы, рөлдік оқу белсенділігі және шығармашылық жұмысы бойынша бағаланады.

Қосымша

  • «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының мәтінін қарау.
  • Материалды жүктеп алу (мектеп платформасына/дискіге орналастыру).