Тың және тыңайған жерлердің игерілуінің мәнін ашып көрсету
Сабақтың тақырыбы
Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Сабақтың мақсаты
Тың және тыңайған жерлерді игеру үдерісінің мәнін ашып көрсету.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту; талдау, салыстыру, жинақтау және зерттеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Тарихи оқиғалар арқылы адамгершілікке баулу, туған ауылын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқу ресурстары мен байланыстар
Көрнекіліктер
- Қазақстан картасы
- Слайдтар
Пәнаралық байланыс
- Ресей тарихы
- Әдебиет
- География
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың түрі
Зерттеу шеберханасы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды топтарға бөлу.
- 2 Әр топқа нақты тапсырмалар беру.
I. Зерттеу тобы
Зерттеу«Тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбын зерттеп, деректерді жинақтайды, талдайды және салыстырады.
II. Суреттеу тобы
Презентация«Тыңның перзенті – Тереңсай» тақырыбында өз ауылы туралы презентация ұсынады.
III. Сұхбат тобы
Әлеуметтік зерттеуТың және тыңайған жерлерді игеру, сондай-ақ ауыл тарихы туралы тұрғындардан сұхбат алады.
IV. Қойылым тобы
Шағын концерт«Тыңгерлер әндері» тақырыбында шағын концерт қояды.