Сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне құрдыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Қазақстан тарихы, 8-сынып

Тақырып

Қазақстандағы 1867–1868 жылдардағы реформалар

Сілтемелер

  • Оқулық
  • Электронды оқулық
  • Интернет материалдары

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушылардың 1867–1868 жылдардағы реформалардың себептері, сипаты және маңызы туралы білімін кеңейту; реформалардың негізгі мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту болғанын түсіндіру; олардың отарлық сипатын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық

Бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; топтық жұмыс барысында диалогтік оқытуды қолдана отырып, өз ойын еркін айтуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және алған білімін әртүрлі жағдайда қолдануға ықпал ету.

Тәрбиелік

Өзін-өзі бағалауды қолдану арқылы жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; білімді әрі іскер азамат қалыптастыру. Топтық тапсырмалар арқылы білімді бекіту, пысықтау; топпен жұмыс істеуге дағдыландыру және өзгені тыңдай білуді үйрету.

Міндеттері

  • 1) Ой-өріс пен шығармашылықты бағалау

    Оқушылардың ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін байқап, бағалау.

  • 2) Сыни ойлау мен пікір алмасу

    Ойын еркін жеткізуге, ашық пікір алмасуға, терең ойлауға және сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

  • 3) Ынтымақтастық және тыңдай білу

    Шапшаңдыққа, өзгені тыңдай білуге, ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыс арқылы берілген тапсырмаларды орындап, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді; білімін жүйелейді және талдайды; пікірін негіздеп айта алады.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

Сындарлы оқыту

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

  • Тақырыптық слайд
  • Интерактивті тақта
  • Сандық фотоаппарат
  • Постер
  • Оқулықтар
  • Дидактикалық материалдар
  • Түрлі-түсті қағаздар

Әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту АКТ-ны пайдалану Оқытудың жаңа тәсілдері Түсіну дәрежесін бағалау Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс Жекелей жұмыс Топтық жұмыс Оқыту үшін бағалау Оқуды бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Тақырыптық карта арқылы 3 генерал-губернаторлыққа бөлу

Сынып ахуалы

Сабақ бойы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін анықтау.

Эпиграф

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды…»

Қасым Аманжолов

Қызығушылықты ояту

«Сатылап сұрақ қою» әдісі қолданылады: тақырыптық сурет ұсынылып, сурет бойынша сұрақтарға жауап беріледі, диалог құрылады және қорғалады.

Мағынаны ажырату

Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен ұғымдардың анықтамалары бойынша жұмыс жүргізіледі.

II. Жаңа сабақ барысы

Тақырып: 1867–1868 жылдардағы реформалар

Сабақтың мақсаты оқушылардың өздеріне құрдырылады. 4–8 тақырыпшаларды талантты және дарынды оқушылардың бірі интерактивті тақтадағы тақырыптық слайд арқылы түсіндіреді.

Түсінуді тексеру: Блум таксономиясы

Білу

Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен басталуы.

Түсіну

Қазынагерлік жүйеде қандай өзгерістер болды?

Қолдану

1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініс.

Талдау

ХІХ ғасырдағы реформалардың ерекшеліктерін анықтаңыздар.

Жинақтау

Суреттерді байланыстыра отырып, тақырыпты жүйелеңіздер.

Бағалау

Реформалардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтаңыздар.

Автор туралы

Тарих пәні мұғалімі: О.Ж. Жұмағалиев

Материалдың толық нұсқасын жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.