Жас бүлдіршін оқушыларым
Мақсаты
«Бірінші байлық — денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, әртүрлі аурулардың алдын алуға үйрету, зиянды әдеттердің зиянын түсіндіру және олардан бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту, өмірге қызығушылықты арттыру, қоршаған ортаға жағымды көзқарас қалыптастыру. Қазақстандағы спорт әлемінің жұлдыздары туралы білімін кеңейтуге бағыт беру.
Міндеттері
-
Жас бүлдіршіндерге салауаттылық пен мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
-
Өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты дамыту.
-
Мейірбандыққа, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі
- •Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар
- •Шарлар, кітаптар, альбомдар
- •Оқушылар шығармашылығы көрсетілген бұрыш
Техникалық құрал
- •Интерактивті тақта
- •Компьютер
Кіріспе сөз
Мұғалім: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен жас бүлдіршін оқушылар! Бүгінгі «Салауаттылық — менің қалауым» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Денсаулық — адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін, ең алдымен, ойың да, ниетің де таза болуы қажет. Жан тазалығы адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.
Әр адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы тиіс. Салауаттылық — әр адамның да, тұтас қоғамның да аса құнды жетістігі. Әркім өз өмір салтын өзі таңдауға құқылы. Салауаттылық — менің қалауым.
Оқушының ой толғауы: «Салауаттылық деген не?»
Салауаттылық — сергек те, Таза жүру өмірде. Адамзаттық келбетке, Дақ түсірмеу тегінде. Бала болма тырысқақ, Қылығыңды ел сынар. Таза ауамен тыныстап, Бой қыздырып, тер шығар. Салауатты салтты ұғып, Таңда жолдың дұрысын.
Ән: «Спорт — біздің досымыз»
Биік тұрсын ар-ождан, болсын бағың! Тілейміз біз сәттілік бұл өнерде.
Топқа бөлу
І топ: «Алау»
Ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың»
Тазалықты сүйеміз, Таза болып жүреміз. Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.
ІІ топ: «Жас ұлан»
Ұраны: «Еңбек етсең жасыңнан, бақыттысың, жас ұлан»
Қалықтап көкте жас қыран, Қырандай ұшып биікке. Туыңды ұста биікте. Тобымыз біздің — «Жас ұлан».
Сайыс тапсырмалары
І тапсырма: «Кім шапшаң?»
Жылдамдық + зейінОқушылар уақытқа ойланып, жасырын тұрған сөздерді тауып, тапсырманы орындайды.
І топ: Жеті ата
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
ІІ топ: Жеті күн
дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
ІІ тапсырма: «Тапқыр болсаң, шешіп көр»
Мақал-мәтелӘр топ кезекпен жүгіріп барып, жасырын тұрған нақыл сөздерді әкеліп аяқтайды және мағынасын түсіндіреді.
«Ердің саулығы — елдің байлығы»
«Жаны саудың — тәні сау»
ІІІ тапсырма: «Спорт — сенің серігің»
Білім + таныстыруҰлттық ойындарды атап, олардың маңызын қысқаша түсіндіру.
IV тапсырма: «Кіл жүйріктер — кім жүйрік?»
Топ басшыларыАрқан тартыс ойыны арқылы күш пен ұйымшылдықты сынау.
V тапсырма: «Өнерпаз болсаң...»
ШығармашылықОқушылар өз өнерін көрсетеді: ән, би, тақпақ, көрініс немесе спорттық элементтер.