Натурал сандардың бөлгіші
Натурал санның бөлгіші және еселігі
Бұл сабақта оқушылар натурал санның бөлгіші мен натурал санның еселігі ұғымдарын меңгереді, есеп шығару барысында оларды табу тәсілдерін қолданады.
Сабақтың мақсаты
Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі туралы түсінік қалыптастыру және оларды табуды үйрету.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Оқу нәтижелері
- Берілген натурал санның бөлгіштерін таба алады.
- Берілген натурал санның еселіктерін таба алады.
Әдіс-тәсілдер
Жеке, жұптық және топтық жұмыс.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу, сыныптың сабаққа қатысуын тексеру.
- 2 Үй тапсырмасын жұппен тексеру.
- 3 «Жүректен жүрекке» тренингі: оқушылар бір-біріне кезекпен жылы тілек айтады.
2) «Миға шабуыл» (сұрақ-жауап)
- Қандай амалдарды білесіңдер?
- Натурал сандардың бөлгіштерін табу үшін қандай амал қолданамыз?
- Натурал сандардың еселіктерін табу үшін қандай амал қолданамыз?
-
Топқа бөлу: шардың ішінен әр оқушы бір қағаздан алады. Қағаздарда екі өлеңнің шумақтары жол-жолымен жазылады. Оқушылар өлең жолдарын құрастырып, екі топқа бөлінеді.
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
Мағынаны ажырату кезеңі: INSERT әдісі бойынша оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды, түсінікті және түсініксіз тұстарын белгілеп, ажыратады.
«Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы арқылы оқушылар ойларын алдымен жеке жинақтап, кейін жұпта/топта талқылап, ортақ қорытынды жасайды.
4) Түсіндіру және бекіту
- Ой-толғаныс: мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді.
- Қолдану және талдау: оқулықпен жұмыс жасалады.
- Жинақтау: екі топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы, Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО КММ.
Пән мұғалімі
Математика пәнінің мұғалімі: Нургожаева Салтанат Алкожаевна.