Аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерін ажырату

Сабақтар тізімі

  • №1. Аласа таулы өлкелер (8 сынып)
  • №2. Аустралияның географиялық орны мен зерттелуі. Жер бедері және пайдалы қазбалары (7 сынып)
  • №3. Аустралияның климаты. Өзендері мен көлдері (7 сынып)
  • №4. Аустралияның табиғат зоналары (7 сынып)
  • №5. Аустралия Одағы (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы

Аласа таулы өлкелер

Мақсаты

  • Қазақстанның аласа таулы өлкелері туралы мағлұмат алу.
  • Аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерін ажырату.
  • Географиялық орнын және жер қыртысының дамуын анықтау.

Негізгі ұғымдар

географиялық орны жер бедері жер қыртысының дамуы пайдалы қазбалар

Сабақ барысы

Бұл жоспар ұйымдастыру кезеңінен басталып, «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабаққа кіріспемен жалғасады.

1) Ұйымдастыру

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен амандасу және сабаққа назар аударту.
  • Кезекші мен қатыспаған оқушыларды анықтау.
  • Күнін нақтылау және үй тапсырмасын сұрауға дайындық.
  • Оқушыларды топтарға бөлу.

Сыныптағы қысқа диалог (ағылшын тілінде)

  • Good morning, children! I’m glad to see you. Sit down, please.
  • Who is on duty today? Who is absent today?
  • What is the date today? What was your homework?

Оқушы әрекеті

  • Мұғаліммен амандасады және сабаққа дайындалады.
  • Топ болып бірігіп, топ ережесін еске түсіреді.
  • Кезекші күнді, қатыспаған оқушыларды хабарлайды.

Мысал жауаптар

  • Good morning, teacher! We are too.
  • I’m on duty today.
  • Today is the 22nd of November.
  • … is absent today.

2) Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл»

Мұғалім сұрақтарға жауап берген оқушыларды ынталандыру үшін жұлдызша бейнесіндегі мадақтамалар береді. Қолдау сөздері: Good! Excellent! Well done! Who’d like to begin? Any volunteers? Don’t be shy—be active!

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Батыс Сібір жазығының Қазақстан жерінде алатын орны қандай?
  • Батыс Сібір жазығы қандай жазықтарға бөлінеді?
  • Тұран ойпатының географиялық орны мен жер бедерінің ерекшеліктері қандай?
  • Тұран жазығының пайдалы қазбалары қандай?
  • Каспий маңы ойпатының басты ерекшеліктерін атаңыз.
  • Торғай қақпасы дегеніміз не?
  • Орал алды үстіртінің орташа биіктігі қанша?
  • Балқаш маңы жазығы туралы не білесіз?