Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебі МММатематика және информатика пәнінің мұғаліміЫбраева Айман АмалбекқызыТақырыбы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы
Еңбек негізгі мектебі ММ
Математика және информатика пәні мұғалімі: Ыбраева Айман Амалбекқызы
Тақырыбы
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу. Есептер шығару.
Мақсаты
- Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу жолдарын үйрету.
- Білімдерін жан-жақты дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру үшін ертегі және мәтін есептерін шығартуға бағыттау.
- Бір-бірін сыйлауға, ауыз әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу жүргіземін. Сабаққа назарын аударып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін жылдам сұрақ-жауап ұйымдастырамын: оқушылар «иә» деген жауапқа орындарынан тұрады, «жоқ» деген жауапқа отырады. Сұрақтар әр оқушыға кезекпен және шапшаң қойылады.
Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысын парақшалар арқылы тексеремін: есептің шығару жолын әдейі қателерімен таратып, оқушыларға өзара тексерту арқылы қателерді табуға және түзетуге үйретемін.
Жаңа сабақ: түсіну
Тақтада мысалдар арқылы түсіндіру
Оқушы екі сан ойлады. Бірінші сан екінші саннан 7-ге артық. Бірінші санды 3 еселеп, одан екінші санды 2 еселеп азайтқанда, айырма 27-ге тең. Оқушы қандай сан ойлады?
Белгілеу
x — бірінші сан, y — екінші сан.
Есеп шарты бойынша жүйе құрамыз
x = y + 7
3x − 2y = 27
Алмастыру тәсілі
Бірінші теңдеуден x-ті y арқылы өрнектейміз де, оны екінші теңдеудегі x-тің орнына қоямыз. Осылайша бастапқы жүйеге мәндес жаңа жүйе аламыз.
Мәтінде толық түрлендіру қадамдары келтірілмеген.
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеу бөлімі арқылы кеңейтілген мазмұнды пайдалануға болады.
Толық нұсқасын жүктеу