Антарктида материк
Сабақ тақырыбы
География (7-сынып): Антарктида — материктің географиялық орны, ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту
Әдістер
- Слайд арқылы түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ой шақыру
- Кластер құру
Көрнекіліктер
- Ақпараттық технология құралдары: компьютер, проектор
- Дүние жүзінің физикалық картасы
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік мақсат
Антарктиданың географиялық орнын, табиғат жағдайларын, ашылуы мен зерттелу тарихын түсіндіру.
2) Дамытушылық мақсат
Оқушылардың ғылыми деректермен жұмыс істеу дағдыларын тереңдету, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын және картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік мақсат
Пәнге қызығушылықты арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, қатысымды белгілеу, оқу құралдарын түгендеу.
II. Ой шақыру
1-слайд
«Полярлық күні көзді шағылыстыра жарқыраған, полярлық түні алай-дүлей боран мен бұлтқа оранған осы бір беймәлім қар мен мұздың өлкесі Оңтүстік поляр аймағында жатыр.» (А. М. Гусев)
Сұрақ: Бұл қай материк туралы айтылған?
III. Жаңа білімді меңгерту
2-слайд
Антарктида: географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы.
3-слайд
- Антарктиданың табиғат ерекшеліктері
- Антарктиданың географиялық орны
- Антарктиданың зерттелу тарихы
Зерттеушілер және негізгі кезеңдер
4-слайд
Джеймс Кук зерттеулері
5-слайд
Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулері
6-слайд
Руаль Амундсен
7-слайд
Роберт Скотт
8-слайд
Есіңе сақта!
- Антарктидада тұрақты халық жоқ.
- Материктің құқықтық жағдайы ерекше: ол бірде-бір мемлекеттің қарамағына жатпайды.
- Халықаралық келісімдер бойынша оның аумағында әскери іс-шараларға, қару қолдануға және ядролық сынақтарға тыйым салынған.
- Антарктиданың табиғатын қорғау заңмен бекітілген.
9-слайд
«Карта еліне саяхат»
Карта арқылы негізгі нысандарды тауып, географиялық атауларды дұрыс оқып, орналасуын сипаттаңыз.
Нысандар
- Антарктида материгі
- Винсон тауы
- Бентли ойысы
- Эребус жанартауы
Мұздықтар мен теңіздер
- Ронне және Фильхнер қайраңдық мұздықтары
- Уэддел, Амундсен, Беллинсгаузен теңіздері
- Антарктида түбегі
IV. Білімді бекіту
10-слайд
«Сен білесің бе?» — сұрақтар жүйесі арқылы қайталау.
11–12-слайд
«Білгенге маржан» — тест жұмысы және жауаптарын талдау.
V. Үй тапсырмасы
- 1 Тақырыпты оқу.
- 2 «Материк құжаты» кестесін толтыру.
VI. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, карта бойынша жұмысы, сұрақтарға жауап беруі және тест нәтижелері негізінде бағалау.