Аяз атаның серігі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

ШҚО, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы, Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мукатаева Айнаш Ораловна ұсынған «Ана тілі» пәні бойынша сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы

Ә. Дүйсенбиев. «Шырша жыры»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсіл

Топпен жұмыс

Мақсаты

  • Мәтін мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу.
  • Балалар әдебиетіне қатысты қысқаша мәлімет беру және авторлармен таныстыру.
  • «Шырша жыры» әнін әуенімен айтуға жаттықтыру.
  • Сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушы мәтіннің негізгі идеясын түсінеді және мазмұнын жүйелі түрде айтып бере алады.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері»

Өлең жолдары

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Қыс.

Әңгімелеу және назар аударту

Қыс мезгілі туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі: күн суытады, адамдар қалың киінеді. Оқушылар көзін жұмып, алақандарын ашып, «қар қиыршығы» түскендей елестетеді. Қиыршықтарға жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.

Топқа бөлу

  • 1-топ: Мешін
  • 2-топ: Қой
  • 3-топ: Тышқан

Үй тапсырмасын тексеру: «Аяз ата сыйлығы»

«Аяз ата» шырша ойыншықтарына жазылған сұрақтар арқылы өткен материалды пысықтайды.

  1. 1) Аңдар неге таласты?
  2. 2) Аңдар нені күте бастады?
  3. 3) Түйе неге ызаланды?
  4. 4) Неге ол тышқанды таптап өлтірмекші болды?
  5. 5) Тышқан қалай бірінші болып көрді?
  6. 6) Түйенің үстіне қай аң шықты?
  7. 7) Тышқан түйенің өркешіне неге мініп алды?
  8. 8) «Көрдім» деген сөзді кім айтты?
  9. 9) Жыл атымен аталған жануарларды ата.

Мағынаны тану: сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ шешілгеннен кейін оның артынан шыршаның суреті шығады. Оқушылар бүгінгі сабақтың өзегі — «Шырша жыры» әні екенін табады.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. 1. Адам аты.
  2. 2. Аяз атаның серігі.
  3. 3. Соңғы жыл атауы.
  4. 4. Жаңа жылдың көркі.
  5. 5. Жыл атауы.
  6. 6. Жыл басы.
  7. 7. Аяз ата дорбасындағы зат.

Ой қозғау

«Жаңа жылға дайындығың қандай?» сұрағы арқылы оқушылардың ой-пікірі тыңдалады, қысқы мереке туралы әңгіме өрбиді.

Ескерту

Жауап беру кезінде толық сөйлеммен айтуға, өз ойын дәл жеткізуге бағыт беріледі.

Авторларға шолу

Ән туралы

Әннің сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев, әнін жазған: Л. Хамиди.

Латиф Абдулхайұлы Хамиди

Латиф Абдулхайұлы Хамиди — 1906 жылы 17 шілдеде бұрынғы Татар АССР-нің Апас ауданында дүниеге келген. Белгілі композитор, Қазақ ССР-нің халық артисі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнуарбек Дүйсенбиев — қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист. 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Мәтінмен жұмыс

Оқу әрекеті үш бағытта ұйымдастырылады:

  • 1) Дауыстап оқу
  • 2) Іштей оқу
  • 3) Тізбектей оқу

Сергіту сәті

Өлең

Жел уледі у-у,

Боран келіп биледі зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты гу-гу,

Жапалақтап қар жауды ду-ду.

Қимыл-қозғалыс

  • Балалар парта арасынан шығып, қолдарын ауыздарына жақындатып, дыбыстарды жай шығарады.
  • Екі қолын айқастырып, дауысты біртіндеп күшейтеді.
  • Қол соғып, белсенді қимыл арқылы бой сергітеді.

Ой толғаныс: дәптермен жұмыс

Оқушылар төмендегі жұмбақ-өлеңді дәптерлеріне көшіріп жазады:

Өзі таудың бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне көшеді.

Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап

  • Мәтіннің авторы кім?
  • Қандай шығармамен таныстық?
  • Мәтіннің негізгі түйіні қандай?

Негізгі түйін

Біреуге жасаған жақсылығыңды, қамқорлығыңды ел айтсын. Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтып, сабақты жағымды көңіл күймен қорытындылайды.

Ойын: «Жаңа жылдық шыршаны безендіру»

Бос шыршаны безендіру үшін оқушылар ойыншықтардың артындағы жұмбақтарды шешеді. Әр дұрыс жауаптан кейін ойыншық «шыршаға ілінеді», осылайша мерекелік композиция құралады.

Тапсырма

Жұмбақ шешу арқылы ойыншықтарды таңдап, шыршаны толық безендіру.

Үй тапсырмасы, бағалау және кері байланыс

Үй тапсырмасы

«Шырша жыры» әнін жаттау.

Бағалау

Белсенділік, дұрыс жауап, мәнерлеп оқу және топтық жұмысқа қатысу деңгейі бойынша бағаланады.

Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерін, қиындық пен жетістігін қысқаша бөліседі.

Қосымша материалдар

Толық нұсқасы мен слайд материалдары қажет болған жағдайда бөлек жүктеледі.