Геометриялық пішіндерді атау
Білім беру саласы
Сала
Таным
Бөлімдер
ҚМҰҚ
Тақырыбы
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Мақсаты
- Балаларға топпен орындалатын тапсырмалар беру арқылы өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату.
- Сандардың құрамын анықтату және сандарға қатысты меңгерілген білім деңгейін бақылау.
- Ақыл-ой белсенділігін арттыру, шапшаңдық пен дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері және әдіс-тәсілдері
Көрнекіліктері
Апта күндеріне арналған тапсырмалар.
Әдіс-тәсілдері
- көрсету
- түсіндіру
- сұрақ-жауап
- ойын
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Сәлеметсің бе, алтын күн,
Сәлеметсің бе, көк аспан.
Сәлеметсің бе, жер-ана,
Сәлеметсің бе, достарым!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Кіріспе әңгіме (ынталандыру)
Балалар, пілдің төлі анасын іздеп жүр. Морж оған анасын қайдан және қалай табуға болатынын айтады. Ол үшін аптаның 5 күнінің тапсырмаларын орындау керек.
Балалар, пілге көмектесеміз бе? Олай болса, тапсырмаларды орындайық.
Ұйымдастырушы-ізденуші кезең: 5 тапсырма
-
1-тапсырма
Санау дағдысы- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
- Слайдтағы суреттерді санату.
-
2-тапсырма
Жолақшамен жұмыс- 1-жолақшаға 5 тиінді орналастыру.
- 2-жолақшаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен орналастыру.
-
3-тапсырма
Пішіндер- Геометриялық пішіндерді атау.
- Дидактикалық ойын: «Қай зат қандай пішінге ұқсас?»
-
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысОңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орынымызды табайық. -
4-тапсырма
Жазу дағдысы5 санын жазу. Балалар дәптерге 5 санын жазады.
-
5-тапсырма
Ойлау дағдысы- Айырмашылығын тап.
- Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»