Бала - бақыт

Тәрбие сағаты: «Сәби»

Мақсаты

Оқушыларға сәби, нәресте, бөбек, бүлдіршін, балдырған, жеткіншек, жасөспірім, ұлан, бауыр ұғымдары туралы түсінік беру. Сәбиге қатысты нақыл сөздер, ырым-тыйымдар, салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтары жөніндегі білімдерін кеңейту.

Көрнекілігі

  • АКТ құрылғылары
  • Оқушылардың сәби кезіндегі фото-суреттері
  • Сахналық көріністер

Кіріспе сөз

1-жүргізуші (Нұржігіт): Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Сәби» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші (Назира): Сәби — 1–5 жас аралығындағы, әлі ес білмейтін бала. Сәби — өмірдің гүлі, көз сүйініші, әке мен шешенің арадағы дәнекері. Сөзi — бал, қылығы — қуаныш. Халық танымында сәбидің жүрегі пәк, жаны нұрлы, ал күлкісі — үйдің берекесі.

Жас кезеңдері мен атаулар

Қазақ ұғымында баланың өсу кезеңіне қарай берілетін атаулар — тәрбие мен танымның айнасы. Әр атаудың өзіндік мәні бар.

Шақалақ

Әлия: Шақалақ — айы-күні толмаған түсік.

Нәресте

Нұралы: Нәресте — жаңа туған, жөргектегі сәби. Кейде «шарана» деп те аталады.

Бөбек

Дастан: Бөбек — алты айдан асқан, бесіктегі бала. Халық даналығында: «Бала — ханнан үлкен», «Бала тілі — бал».

Бүлдіршін (5–6 жас)

Аяжан: Бүлдіршін — сүйкімді, әлжуаз, қылығы қызық ойын баласы. Бұл жаста балалар еліккіш, білуге құмар, тілалғыш болып өседі, сондықтан дұрыс тәрбие аса маңызды. «Бүлдіршін» сөзі түйе ботасының бір атауымен де байланыстырылады: қазақ баласын «қозым», «құлыным», «ботам» деп еркелеткен.

Халық айтады: «Бала — өмірдің гүлі. Бала — бақыт.»

Балдырған (7–10 жас)

Азамат: Балдырған — мектеп жасындағы, оң-солын таныған, жеңіл жұмыстарға қолғанат бола алатын бала. Олар — ата-ананың қуанышы әрі үміті.

Нақыл: «Баланы жұмсағаның білінбейді, тайды мінгенің білінбейді.»

Жеткіншек, жасөспірім

Нұралы: Жеткіншек, жасөспірім — кәмелетке толмаған, ақыл-есі кірген ұл мен қыз. Олар үлкендерге қарап бой түзейді, сондықтан жақсы үлгі мен тәлім қажет. Жасөспірімге тәрбие беру — әрі ұлттың, әрі ата-ананың зор міндеті.

Нақыл: «Жеткіншек өседі, жетім жетеді.»

Ұлан

Нұрдәулет: «Ұлан» — өсіп келе жатқан жас жігіттер мен бозбалаларға айтылатын атау. Бұл сөз көбіне Отан қорғайтын сарбаздар мәнінде қолданылады.

Нақыл: «Ақыл — жас ұланнан, жүйрік тай — құланнан.»

Бауыр

Қарлығаш: «Бауыр» — ағайынды ұл-қыздың жасы кіші інілерін, жақындарын еркелете атайтын сөзі. Бауырлар үлкенге арқа сүйеп өссе, аға-әпкелер де олардың жақсысына қуанып, жаманына күйініп, ақыл-кеңесін аямайды. Өз кезегінде бауыр да қолынан келген қызметін аянып қалмайды.

Сәбиге қатысты ырым-тыйымдар

Халық тәжірибесінде баланың қадамы мен мінезіне қарап, жақсылыққа жоритын ырымдар да көп кездеседі.

  • Нұржігіт: Сәбиді қырқынан шығарғанда қарын шашын алмаса, қарыны қатты болады деп ырымдайды.

  • Азамат: Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, қонақ келеді дейді.

  • Назира: Сәби қолындағы заттарын «шашу» етіп шашса, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді деп сенеді.

  • Қуандық: Сәбиге көз тимесін деп, кейде бетіне күйе жағып қоятын ырым бар.

Ән: «Шілдехана», «Бесік той»

Отбасы мен туыстық ұғымдар

Ата

Нұрдәулет:
Ата, бізге келіңіз,
Дайын сізге төріміз.
Бай дастарқан басында
Батаңызды беріңіз.
Жүзіңізден нұр таймай,
Жүз жасаңыз қартаймай.

Әже

Нұржігіт:
Әже келді, алақай!
Әжеме кел, балақай!
Көрпе төсеп берейік,
Тынығып, әже, сергіңіз.
Ертек айтып беріңіз.
Сүйіп-сүйіп аламыз,
Сізге бала боламыз.

Ана

Азамат:
Ана — біздің күніміз,
Ананың біз — гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Әлия:
Ана — дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана — дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана — деген бәйтерегі өмірдің,
Ана — деген алтын қазық, алтын бақ.

Ән: «Ананың тілі»

Әке

Қуандық:
Әке — күн, біліп ал:
Әкенің тілін ал, —
Деді ағам Мақұлбек,
Қуандым «мақұл» деп.

Ән: «Әкелер»

Аға

Дастан:
Қамқоршымыз ағамыз,
Сізден тәлім аламыз.
Бізбен бірге ойнаңыз,
Біз қуанып қаламыз.

Ән: «Ағаларым»

Әпке

Қарлығаш:
Күн мен айым — әпкетайым,
Жұмсасаң — болам дайын.

Іні

Әлия:
Кіп-кішкентай інім бар,
Күлімдеген күнім бар.
Айналайын інімнен!
Айналайын күнімнен!

Сіңілі

Аяжан:
Әпкемнің сіңілісі
Алады үлгісін.
Әпкесі сол үшін,
Сүйеді сіңілісін.

Ән: «Асыл әкем»

Нағашы

Нұралы:
Анамның анасы,
Атасы, ағасы…
Бәрі де сүйікті,
Нағыз жұрт — нағашы.

Жиен

Нұржігіт:
Бек — атамның жиені,
Атам оны сүйеді.
Сәлем беріп атаға,
Жиені бас иеді.

Бөле

Назира:
Нұр екеуміз — бөлеміз,
Қатар өсіп келеміз.
Бірге туған анамыз,
Біз — туысқан баламыз.

Сәбиге қатысты салт-дәстүрлер

Иткөйлек

Нұрдәулет

Қырқынан шығару

Аяжан

Бесікке салу

Назира

Тыштырма

Қарлығаш

Тілашар

Әлия

Ашамай

Назира

2-жүргізуші: Көптеген салт-дәстүрдің ішінен тұсаукесерге арналған көріністі тамашалаңыздар!

Тұсаукесер

Азамат

Көрініс

Аяжан

Түйін ой

Аяжан: О, ата-ана! Таянышың, тірегің! Бар бақытты бір басыңа тіледің. «Балаларым жақсы болсын» деп қашанда лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Азамат: Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді. Сәби ата-анасының қасында болып, анасының ақ сүтін тоя еміп, мейірімді алақанның жылуын сезініп, әкесінің асқар таудай қорған екенін танып өссе — бойына асыл қасиеттерді жинаған парасатты азамат болып қалыптасады.

1-жүргізуші: Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ. Өмірдің мәні мен сәні — баланың бақытымен өлшенеді. Сондықтан еліміз балалардың ашық аспан астында гүлдей жайнап, заман талабына сай сапалы білім алуына мүмкіндік жасап келеді.

2-жүргізуші: Тыныштық — баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Сәби» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!