Өзін - өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру

Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Курманғалиева Жұлдыз Талғатқызы

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

«Бала дамуының ең шарықтау шегі — бұл тіл мен ойдың шығармашылығы».
Л. С. Выготский

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етеді. Осы орайда ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің «Бала — балқытылған алтын» деген қанатты сөзі ойға оралады. Егемен еліміздің өркениетті елдер қатарына көтерілуі үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу маңызды.

Жас ұрпақтың бойындағы қабілетті байқап, оны жетілдіру және ізденімпаздық қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ беру барысындағы кәсіби ізденісіне, шеберлігіне тікелей байланысты. Ж. Аймауытов «Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер» деп, оқу үдерісін жаңаша ұйымдастырудың маңызын атап өткен. Демек, оқыту оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі тиіс.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндетін алға қойды. Бастауыш сынып — оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының алғашқы баспалдағы. Бұл кезеңде үздіксіз білім берудің іргетасы қаланады. Жеке адамның құндылығын арттыруда ұстаз жауапкершілігі тынымсыз еңбек пен сапалы нәтижемен ұштасады. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).

Сыни тұрғыдан ойлау: мәні мен мақсаты

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген әдістемелер қатарында сындарлы (конструктивті) теорияға негізделген оқыту тәсілдері кең таралған (Hattie, 2009).

Сыни тұрғыдан ойлау көбіне «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл бағыт оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни ойлауды саналы түрде қабылдап, жүйелі дамытуына мүмкіндік береді.

Негізгі анықтама

Сыни тұрғыдан ойлау — бақылау, тәжірибе, ойлау және талқылау нәтижесінде алынған ақпаратты түсініп, талдап, синтездеп, дәлелді шешім қабылдауға бағытталған үдеріс. Ол болашақ әрекетке негіз бола алады.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат — әр сабақты түсінікті, тартымды және тиімді өткізу. Сабақ барысында оқушының іздену мен зерттеу дағдыларын қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі — сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Мақсат

Сапалы білім беруде жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, білім сапасын арттыру.

Міндеттер

  1. 1) Ақпараттық технологиялар мен СТО бағдарламасының тиімді әдістерін қолдану арқылы білімге қызығушылықты арттыру және танымдық қабілеттерді дамытуға жағдай жасау. Оқушы өз ойын еркін айта алатын орта қалыптастыру.

  2. 2) Оқушы жүрегіне жол таба отырып, сабақтың әр сәтін қызықты әрі ұтымды ұйымдастыру. Оқушыларды тек тыңдаушы емес, ізденуші, зерттеуші, өз ойын дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін тұлға ретінде қалыптастыру. Ынта-ықыласын төмендетпей, әр баланың жеке қабілетінің дамуына мүмкіндік беру.

  3. 3) Жаңа технологияларды қолдана отырып, жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы мұғалім мен оқушы ынтымақтастығын қалыптастыру. Оқушы ойына құрметпен қарау. Өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындайтын, өзін-өзі жетілдіретін шығармашыл әрі ізденімпаз тұлға тәрбиелеу.

Тақырыптың жаңашылдығы

XXI ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі — «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің тиімді ұйымдық құрылымдарын іздеу. Ақпараттық технологиялар — ақпаратты алу, жеткізу, сақтау және пайдаланудың әдістері мен құралдарының жиынтығы.

Дьюидің пайымдауынша, мәселелерге ерекше көңіл бөлу оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейді. Яғни нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығу жолын өздігінен іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады. Осы тұрғыдан алғанда, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда айрықша жаңашылдыққа ие.

Мұндай педагогикалық технологияларды сабаққа енгізу — бүгінгі таңда әр ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі. Өйткені елімізге заман талабына сай, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді әрі шығармашыл азаматтар қажет.

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс істегенде, оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді үздіксіз бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, сабағын соған сай бейімдеп отыруы тиіс.

Сыни тұрғыдан ойлау — өзіндік, жеке ойлау. Егер сабақ осы принциптерге негізделсе, әркім өз ойы мен пікірін, бағасын өзгелерден тәуелсіз қалыптастырады. Сыни ойлайтын адам басқа көзқараспен әрдайым келісе бермейді; ол «не ойлау керектігін» өзі шешеді.

Оқушы тұлғасын дамытуға арналған қағидалар

  1. 1 Баланың құмарлығын, қызығушылығын бәсеңдетпей, оны үнемі алға ұмтылуға жетелейтін талап-тілектерін, сұранысы мен мұқтажын ескеру; шығармашылығын жүйелі жетілдіру.
  2. 2 Білімді өз бетімен іздену арқылы меңгеруге және ойлауға жағдай жасау.
  3. 3 Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға тәрбиелеу.
«Маған айт — ұмытамын, көрсет — мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр — сонда түсінемін».
Конфуций

Осы қағиданы негізге ала отырып, өз тәжірибеме бірқатар өзгерістер енгіздім және сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегиясын жүйелі қолданамын.

Сабақтың құрылымы

I. Қызығушылықты ояту

Бұл кезең — жаңа сабақты меңгеруге бағытталған ұйымдастыру үдерісі. Ол өткен тақырып пен жаңа тақырып арасындағы байланысты құрудан басталады: оқушы нені біледі, не айта алады — соны анықтаймыз. Осы кезеңде топтау, миға шабуыл, болжау тәсілдерін қолданамын.

Мұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету арқылы белсенділік артады. Екінші маңызды мақсат — оқушының ынта-жігерін көтеру: оқушы өз білетінін еске түсіріп, жазады, жұбымен және тобымен талқылайды.

II. Мағынаны тану

Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жүйелі жұмыс атқарады және түрлі тапсырмалар орындайды.

INSERT Кубизм

III. Ой толғаныс

Бұл кезеңде оқушылар алған білімін жинақтап, салыстырып, қорытынды жасап, өз көзқарасын қалыптастырады.

Венн диаграммасы
Семантикалық карта
Еркін жазу
Синквейн (бес жолды өлең)
Эссе

Бұл стратегиялар баланың дамуына, жеке қабілеттерінің ашылуына және шығармашылықпен ізденуіне жол ашады.

Толық нұсқасын жүктеу