Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қазақ халқының рухани қазынасының өзегі — сөз мәдениеті. Сөздің құдіретін танытатын ең асыл мұралардың бірі — шешендік сөздер. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, елдік ойды, әділдікті, парасатты, тапқырлық пен тәрбиені бойына жинаған.
Сабақтың мақсаты (білімділік)
Оқушыларға ата-бабадан қалған асыл мұра — шешендік сөздердің мәнін таныту, дуалы ауыз, от ауызды, орақ тілді шешендердің елге жеткен нақылдары мен ой-тұжырымдарының мағынасын ашу.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
Шешендік сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту; зерделі, білімді, қиялы ұшқыр, тапқыр әрі парасатты болуға баулу.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
Оқушыларды сыйластыққа, инабаттылыққа, достық пен жолдастыққа тәрбиелеу; атадан қалған ізгі мұраны қадірлеуге үйрету.
Әдістері мен көрнекілігі
Сабақ әдістері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Сахналық қойылым
- Шығармашылық ізденіс
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері
- «Шешендік сөздер» кітабы
- Нақыл сөздер
Сабақ кезеңдері
- 1 Амандасу
- 2 Шаттық шеңбер
- 3 Топқа бөлу
- 4 Сұрақ-жауап
- 5 Ой дерек
- 6 Шығармашылық жұмыс
- 7 Сұрақтар, өлең жолын жалғастыру
- 8 Шешендіктің бір тармағы — мақал-мәтелдер
- 9 Нақыл сөз — ақыл сөздер
Амандасу және сыныпты ұйымдастыру
Сабақ оқушылармен амандасудан басталады: сыныптың дайындығы тексеріліп, оқушылар түгенделеді.
Шаттық шеңбері
Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім сұрақтар қояды:
- «Қол ұстасқанда нені сезінеміз?»
- «Бір-бірімізге күлімдеп қарағанда жүздерімізден нені байқаймыз?»
- «Енді бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.»
Топқа бөлу және кіріспе ой
Мұғалім Абайдың мына жолдарын ұсынады:
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас...»Оқушылардың болжамы: бұл — сөз өнері мен шешендік туралы.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасса, сөздің асылы да өз ортасында құнды. Қазақтан қалған мол мұралар қатарында:
- Ескірмейтін есті сөздер
- Мақал-мәтелдер
- Нақыл, ақыл сөздер
- Шешендік сөздер
Сұрақ-жауап: шешендікке жол
Халық даналығы: «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».
1) Шешендік дегеніміз не?
Шешендік — тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған үлгілі ойлар мен тұжырымдар. Шешендік сөз — дүйім жұртты аузына қаратқан асыл сөздің өрнегі.
Бұл өнер көбіне ауызша таралып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен. Ел ішіндегі күрделі дау-дамайды бір ауыз сөзбен әділ шешкен билер ерекше қадірленген.
Елге белгілі шешендер: Жиренше шешен, Қарашаш, Төле би, Әйтеке би және басқа да даналар.
2) Қазақ елінің атақты билері
Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би), сондай-ақ Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
3) Билерге тән басты қасиеттер
Әділдік, шыншылдық, батырлық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
4) Шешендік сөз тарихын қалыптастырған тұлғалар
Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV–XV ғасырлар) сияқты тұлғалардың есімдерімен шешендік сөз дәстүрі қалыптасып, өркендей түсті.
5) Тәуелсіздікті қорғау жолындағы би-шешендер
Шалкиіз, Бұқар жырау, Шортанбай, Дулат, Мұрат (XV–XVIII ғасырлар дәстүрі аясында аталады).
Саққұлақ бидің тағылымы
Төмендегі тұжырымдар — адам болмысының тіректерін қысқа да нұсқа көрсететін үлгі:
- 1 Адамның басшысы — ақыл.
- 2 Жетекшісі — талап.
- 3 Жолаушысы — ой.
- 4 Жолдасы — кәсіп.
- 5 Қорғаны — сабыр.
- 6 Қорғаушысы — мінез.
- 7 Сынаушысы — халық.
Ой дерек: шешендікке берілген баға
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың ғалымдары да жоғары бағалаған. XIX ғасырда академик В. В. Радлов шешендік сөздер нұсқаларын зерттеп, жинақтаған. Ол қазақтардың сөз саптауына тән ерекшелікті атап көрсетіп:
«Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық — бейне бір өлең секілді».
Радлов қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын ерекше атап, сөзге тапқырлық пен шешендіктің өзіне қатты әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ қазақтың шешендік, тапқырлық және нақыл сөздерін жинап, жариялағандардың бірі — Ыбырай Алтынсарин.