Алаш қайраткерлері

Сабақ тақырыбы

Алаш қозғалысы

Бұл сабақ Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының тарихи рөлін түсіндіруге, оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ұлт тарихына құрмет сезімін нығайтуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы жалпы мәлімет беру; осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың Алаш қозғалысына қатысты нақты пікір қалыптастыруына көмектесу; өз көзқарасын дәлелдеп айту, ойды жинақтап жеткізу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Алаш қайраткерлерінің еңбегін үлгі ете отырып, ұлтжандылық пен патриоттыққа тәрбиелеу; елін, ұлтын сүюге және ұлттық көшбасшыларды құрметтеуге баулу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі
Аралас
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Алаш қайраткерлерінің портреттері
  • Электронды оқулық

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Кіріспе
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

    «Өрмекші торы» әдісі

    Сұрақтар (қайталату және талқылау)

    • 1. 1917 жылы Ресейде неше мемлекеттік төңкеріс болды? (Екі)
    • 2. Алғашқы қандай төңкеріс болды? (Ақпан)
    • 3. Ақпан төңкерісі кезінде кім тақтан құлады? (II Николай)
    • 4. II Николай тақтан құлатылғаннан кейін қандай билік құрылды? (Уақытша үкімет)
    • 5. Уақытша үкіметті кімдер басқарды? (Министрлер)
    • 6. Большевиктер кімдер арасында үгіт-насихат жүргізді? (Солдаттар мен жұмысшылар арасында)
    • 7. Көтерілісшілер қандай ұрандар айтты?
    • 8. Қандай талаптар қойылды?
    • 9. 1917 жылы 24 қазанда қандай төңкеріс болды? (Қазан төңкерісі)
    • 10. Қазан төңкерісі кезінде қандай үкімет құлады? (Уақытша үкімет)
    • 11. Уақытша үкіметтің орнына қандай билік құрылды? (Кеңес үкіметі)
    • 12. Кеңес үкіметінің басшысы кім болды? (В. И. Ленин)
  3. III. Үй тапсырмасын ауызша бекіту

    Қысқаша қорытынды
  4. IV. Жаңа сабақ

    Алаш қозғалысы

    Қолданылатын ресурс

    Электронды оқулық арқылы негізгі ұғымдар мен тарихи деректер талданады.

    Тақырып жоспары

    1. 1. Алашорда үкіметі
    2. 2. Алаш қайраткерлері
    3. 3. Дәптермен жұмыс
  5. V. Жаңа сабақпен жұмыс

    Интерактив

    «Білім жәрмеңкесі»

    Сурет таңдау арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді, фактілерді дәлелдеп, ой қорытындысын жасайды.

    «Деңгейлік сандар сыры»

    Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы тапсырмалар орындалады және сұрақтарға жауап беріледі.

  6. VI. Жаңа сабақты бекіту

    Практика

    Сөзжұмбақ шешу: «Алашорда»

  7. VII. Қорытындылау

    Түйін
  8. VIII. Бағалау

    Кері байланыс
  9. IX. Үй тапсырмасы

    Бекіту

    Тақырып бойынша оқу және қысқаша конспект жазу: «Алаш қозғалысы».