Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және әртүрлі компьютерлік программалармен жұмыс жасауды ары қарай дамытуға септігін тигізу

Сабақтың мақсаты мен форматы

Білімділік

Оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін жүйелеу, практикалық жұмыстар орындау барысында білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың ойлау мәдениетін жетілдіру және әртүрлі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу машығын одан әрі дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Практикалық жұмыс
  • Бейне әдіс

Көрнекіліктер

  • Компьютерлер
  • Проектор
  • Практикалық тапсырмалар

Сайыстың ашылуы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділқазылар алқасы және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Информатика болашаққа бастайды, келешекке білім қуған жастарды. 21-ғасыр қадамын нық басып, әлем жаңалығын меңгерейік — дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Қатысушылар

Сайыс 9–10 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.

Ойыншыларды таныстыру (үлгі):

  1. 9 «А» сыныбы — _______
  2. 9 «А» сыныбы — _______

(Ойыншылар өздерін таныстырады.)

Әділқазылар алқасы

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырамыз:

____________________________________________

Ойын құрылымы: 5 тур

1-тур: Инфобілім

Білімді тексеруге арналған сұрақтар кезеңі.

2-тур: Практикалық сынақ

Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмалар.

3-тур: Ғажайып презентация

Презентация дайындау және қорғау.

4-тур: Поэзия сәті

Шығармашылық кезең.

5-тур: Интернет әлемінде

Интернет туралы білім мен дағдыны сынау.

1-тур: Инфобілім

Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз. Бұл турда әр оқушыға 5 сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

Ескерту: осы турдан кейін ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығарылады.

1-оқушыға арналған сұрақтар

  1. Компьютердің «атасы» деп кімді айтамыз?

    Жауабы: Чарльз Бэббидж.

  2. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы қалай аталады?

    Жауабы: CD-ROM.

  3. Дүниежүзілік компьютерлік желі арасындағы байланыс ортасы?

    Жауабы: Интернет.

  4. Компьютерде орындалатын бағдарламалар қандай топтарға жіктеледі?

    Жауабы: жүйелік, қолданбалы және бағдарламалау жүйелері (жаңа бағдарламаларды құруды қамтамасыз ететін).

  5. Дүниежүзіндегі ең бай адам ретінде жиі аталған тұлға?

    Жауабы: Билл Гейтс.

2-оқушыға арналған сұрақтар

  1. Атаулы байттар тізбегі қалай аталады?

    Жауабы: файл.

  2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

    Жауабы: интерфейс.

  3. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама қалай аталады?

    Жауабы: антивирус.

  4. Бос орын қалдыру пернесі қалай аталады?

    Жауабы: пробел.

  5. Стандартты бағдарламаларға қандай мысалдар келтіруге болады?

    Жауабы: Блокнот, WordPad, Paint, Калькулятор.