Өрнектерді салыстыру
Сабақ туралы мәлімет
- Мекеме
- ШҚО, Семей қаласының білім бөлімі ММ, №27 ЖОББМ КММ
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Медеуқанова Лаура Қайнарқызы
- Сабақ тақырыбы
- Өрнектерді салыстыру
- Сабақ типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақ түрі
- Саяхат сабақ
- Қажетті көрнекіліктер
- Үлестірмелі материалдар, қима цифрлар, «Қызықты математика әлемі» картасы, интерактивті тақта, теледидар, геометриялық фигуралар, бейнетаспа.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сандарды, өрнек пен өрнекті салыстыруды түсіндіру.
- Салыстыру нәтижесін теңсіздік түрінде жазуды меңгерту.
- Таңбалар арқылы салыстыру нәтижесін өрнектеуге үйрету.
- Өткен тақырыптарды бекіту.
Дамытушылық
- Сандарды салыстыру дағдысын дамыту.
- Оқушының танымдық қабілеттерін арттыру.
- Есте сақтауын және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
- Тапсырмаларды орындауда шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: «Қызықты математика әлеміне» саяхат
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару және психологиялық дайындық жүргізіледі.
Ал, балақай, тұрайық,
Көңіліміз қандай? — Мынандай
Талабымыз қандай? — Таудай
Жігеріміз қандай?
Жарайсыңдар, балақай,
Назар сал, енді, сабаққа!
«Қызықты математика әлеміне» қош келдіңдер!
2) Өткен сабақты еске түсіру (ауызша есептеу)
Әр аялдамадан өткен сайын, картадағы аялдаманың шамы «жанып», саяхат жалғасады.
Алғашқы аялдама: «Сан сарайы»
- «Тауық жұмыртқасын өсу ретімен орналастыр»: оқушылар қима цифрлар арқылы сандарды өсу ретімен орналастырады (бір оқушы тақтада көрсетеді), нәтижесін оқиды.
- «Қалып қойған санды тап»: көрші сандарды атау арқылы орындалады.
Екінші аялдама: «Кім жылдам?»
- 1 мен 2-нің қосындысын жаз; бірінші қосылғышты, екінші қосылғышты және қосындының мәнін ата.
- Қосылғыштардың орнын ауыстырып, жаңа қосынды құрастыр.
- Қосудың қай қасиетін қолдандың?
- 5 пен 2-нің айырмасын жаз.
- Интерактивті тақтадағы өрнектерді оқып, мәнін тап.
Үшінші аялдама: «Тең. Артық. Кем»
- Интерактивті тақтада берілген сандарды салыстырып, нәтижесін оқы.
- Мына жұптарды салыстыр: 2 және 1; 3 және 2; 2 және 0; 5 және 7; 1 және 1.
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру: өрнектерді салыстыру
Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы өрнек құрастырады, оны оқып, тақтаға жазады. Екі өрнек салыстырылуы үшін алдымен әр өрнектің мәні табылады, содан кейін нәтижелері салыстырылады.
Егер теңсіздіктің бір жағында сан, екінші жағында өрнек тұрса, онда біз өрнекті санмен салыстырамыз. Өрнекті санмен салыстыру үшін алдымен өрнектің мәнін табамыз, содан кейін оны санмен салыстырамыз.
Мысал
5 + 3 пен 1 + 3 өрнектерін салыстыру:
Есептеу
5 + 3 = 8
1 + 3 = 4
Қорытынды
8 > 4, сондықтан 5 + 3 > 1 + 3.
Оқулықпен жұмыс (1-тапсырма)
«Дөңгелек нешеу? Үшбұрыш нешеу?» сұрақтары арқылы өрнектер құрастырып, оларды салыстырады. Нәтижесінде өрнектер: тең болуы немесе біреуі екіншісінен артық/кем болуы мүмкін екені бекітіледі. Салыстыру нәтижесін теңсіздік түрінде таңбалар арқылы жазуға үйренеді.
Төртінші аялдама: «Кесінділер алаңы»
«Кесінді дегеніміз не?», «Кесіндіні немен сызамыз?» сұрақтары бойынша қысқаша қайталау жүргізіледі.
Оқулықтағы 2-тапсырмадағы кесінділерді өлшеп, нәтижесін ауызша айтып, өзара салыстырады.
Соңғы аялдама: «Өрнектер көшесі»
Оқулықтағы 4-тапсырма жаңа тақырыпты бекітуге бағытталған: өрнекті өрнекпен салыстыру.
Тапсырма дәптерде орындалады. Әр қатар өз «көшесіне» берілген тапсырмаларды орындайды. Әр қатардан бір оқушы тақтада шығарып, жауабын оқиды.
4) Бекіту
Қорытынды сұрақтар арқылы кері байланыс жасалады: «Бүгін не үйрендіңдер?», «Сабақ несімен ұнады?» және т.б.
5) Қорытынды
«Қызықты математика әлемінің» барлық шамы жағылды. Жұлдыздай жарық!
Сендер де осы жұлдыздай әрдайым жарқырап жүріңдер! Сабақ соңында оқушыларға жұлдызшалар таратылады.
Қосымша материалдар: толық нұсқасын жүктеу, слайдын жүктеу.