Қой төрт түлік малдың бір түрі
Үй жануарлары туралы әңгімелесу
Бұл сабақта балалар үй жануарларының түрлерімен танысып, олардың адамға тигізетін пайдасын түсінеді. Сабақ барысында сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу және ойын түріндегі тапсырмалар арқылы балалардың танымдық белсенділігі артады.
Мақсаты
Балаларға үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.
Міндеттері
- Білімділік: үй жануарлары туралы мағлұмат беру.
- Дамытушылық: танымдық процестерін дамыту.
- Тәрбиелік: үй жануарларына сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, баяндау, жұмбақ шешу, ойын
- Көрнекілігі
- Видео, слайд, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Табиғат құбылыстарына назар аударту
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Сабаққа келе жатып нені байқадыңдар? Ауа райы қандай?
2) Сабаққа назар аударту
Балалардың зейінін сабақ тақырыбына шоғырландыру, бүгінгі жұмыс түрлерін қысқаша таныстыру.
II. Жаңа сабақты меңгерту
Жоспар
Бүгін біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын, адамға жақын өмір сүретін жануарларды айтамыз. Оларға: жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, шошқа жатады.
Жылқы
- Салт мінуге және жүк тасуға пайдаланылады.
- Еті мен қымызы үшін өсірілетін төрт түліктің бірі; ата-бабамыз аса құрметпен баптаған.
- Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі.
- Төлі: құлын (құлыншақ).
- Жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая жасалады.
Сиыр
- Төрт түліктің бірі; сүті, еті, терісі бағалы.
- Сүтінен айран, май, қаймақ, құрт сияқты өнімдер алынады.
- Терісінен түрлі бұйымдар жасалады.
- Жайылымда жайылады.
- Төлі: бұзау.
Түйе
- «Шөл керуені» аталады; ұзақ уақыт сусыз жүре алады (10 күнге дейін).
- Сүтінен шұбат алынады, оның емдік қасиеті бар.
- Жүнінің жылуы ерекше.
- Төлі: бота.
Қой
- Еті, жүні, терісі бағалы.
- Жүні шамамен 3–7 кг-ға дейін болады.
- Терісінен тон, жылы сырт киім, аяқ киім тігіледі.
- Жүнінен кілем, мата, киім тоқылады.
- Төлі: қозы. 500–600 қой — отар.
- Қой атасы — Шопан ата.
Ешкі
- Тынымсыз үй жануары; көбіне қоймен бірге бағылады.
- Төлі: лақ.
- Сүтін ішеміз, етін жейміз; жүнінен түбіт алынады.
- Ешкі сүті өте пайдалы; ертеде емдік мақсатта қолданылған.
- Ешкі атасы — Сексек ата.
Ит
- Қолға үйретілген үй жануары.
- Адамның сенімді досы.
- Үйді, қораны, малды күзетеді.
Мысық
Мысық — қолға үйретілген үй жануары. Қазір оны адамдар көбіне тышқан ұстау үшін бағады. Мысық — өте таза жануар.
Үй жануарларын қалай күтіп-баптаймыз?
Балалардың жауаптарын тыңдай отырып, негізгі күтім қағидаларын бекітеміз:
- Таза су беру
- Жем-шөпті уақытылы беру
- Қораның таза әрі жылы болуы
- Екпе және аурудың алдын алу
Біз жануарларға қамқорлық жасап, дұрыс күтім көрсетсек, олардан алынатын өнім де сапалы болады.
III. Жұмбақ шешу
Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
Жауабы: Түйе
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: Қой
Тастан тасқа секірген, ұзын салпақ құлақты, қойдан маза кетірген — кім?
Жауабы: Лақ
Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар.
Жауабы: Сиыр
Ұрлап ішіп үйдегі сүтті қоймайды, өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Жауабы: Мысық
Лағымның құлағы селтиіп тұрады, қозы көрсе болғаны оны қуады.
Жауабы: Ит
IV–VI. Ойындар мен тапсырмалар
IV. «Не артық?» ойыны
Балаларға суреттер таратылады. Тапсырма: үй жануарына жатпайтын суретті тауып, қоршау.
V. «Төлін тап» сәйкестендіру
Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіру (жылқы—құлын, сиыр—бұзау, түйе—бота, қой—қозы, ешкі—лақ).
VI. «Аудармашы»
Үй жануарларының қазақша және орысша атаулары бойынша қысқа видео көрсету, бірге қайталау.
VII. Қорытындылау
Сұрақтар арқылы бекіту
- Бүгін қандай жануарлармен таныстық?
- Олардың төлдерін атай аламыз ба?
- Сиырдың төлін қалай атаймыз?
- Қандай ойындар ойнадық?
- Сиырдан қандай өнімдер аламыз?
Бүгін балалар үй жануарлары туралы көп мағлұмат алды және олардың пайдасы мол екенін білді. Алайда пайдасын көру үшін еңбек керек: «Мал күткенге бітеді». Жануарды дұрыс күтпесек, ол бізге сүт, ет, жүн сияқты өнімдерді де толық бере алмайды.
VIII. Балаларды марапаттау
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, ынталандыру.
Күтілетін нәтиже
Білді
Үй жануарлары туралы түсінік алды; олардың қасиеттері мен дыбыстарын ажырата білді.
Игерді
Әр жануардан қандай пайда, қандай өнім алынатынын түсінді.
Меңгерді
Үй жануарлары туралы ойын еркін жеткізуге дағдыланды; жануарларды дауысынан ажыратып, кейбірін дыбыстай алды.