Сын есім ережесін айт
Оңтүстік Қазақстан облысы • Түркістан ауданы
Шорнақ жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Сапарова Гүлдана Әлібекқызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сын есім туралы алған білімдерін толықтыру және пысықтау.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ой-өрісті, танымдық қабілетті және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Негізгі идеялар мен күтілетін нәтиже
Негізгі идея
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу; сөз таптары мен сын есім туралы түсінігін тереңдету.
Күтілетін нәтиже
- Өз бетімен ізденуге дағдыланады.
- Сөз таптары мен сын есім туралы түсінігі нығаяды.
- Пәнге қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
5 минут- Оқушыларды түгендеу.
- Топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбын болжау.
- Түрлі-түсті қағаз таңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы сөз таптары бойынша топтасу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минут15-жаттығудағы мәтінді оқып, сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қою тапсырылады. Әр топтан бір оқушы жауап береді.
Мәтін
Екі бала тоғайға бардық. Қарағайдың, түрлі өсімдіктің жұпар иісі мұрныңды жарады. Аласа бұталардың арасынан сұр торғай, көк шымшықтар пыр-пыр ұшады. Анадайдан ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі. Тоғай іші көңілді.
Тапсырма орындалғаннан кейін топтар бір-бірін бағалайды.
III. Үй тапсырмасын бекіту
3 минут- 1.Сөз таптарын ата.
- 2.Зат есімнің ережесін айт.
- 3.Етістіктің ережесін айт.
- 4.Сын есімнің ережесін айт.
Оқушылар сұрақтарға топпен жауап береді.
IV. Сергіту сәті
2 минут«Кел, билейік» — оқушылар қимыл-қозғалыс жасайды.
V. Жаңа сабақ: «Ой ашар» (жұптық жұмыс)
5 минутӘр оқушы жұбының есімінің алғашқы әрпіне сәйкес оның бойындағы жақсы қасиеттерді атап айтады және сұрақ қояды. Жұптар бір-бірін толықтырады.
VI. Оқулықпен және дәптермен жұмыс
10 минут18-жаттығу
Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып, жазу.
20-жаттығу
Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеу.
1
ескі…
2
жұқа…
3
қысқа…
4
әдемі…
Үлгі тұжырымы
Бұл — сын есім, өйткені заттың сынын, сапасын білдіреді (мысалы: жылы, әдемі, жіңішке, көк).
VII. Сергіту сәті
2 минут«Кел, билейік» — оқушылар қимыл-қозғалыс жасайды.
VIII. Ой толғау
5 минут21-жаттығу: зат есім мен сын есімді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу (Венн диаграммасы).
IX. Қорытынды: «Менің бағытым» ойыны
5 минут«Сәйкестікті тап» тапсырмасы: сөздерді жұптастыру, оқу және талқылау.
Сын есім
- тәтті—
- тік—
- тегіс—
- суық—
- сұр—
- ақылды—
Зат есім
- жар—
- адам—
- қант—
- қоян—
- су—
- жер—
X. Бағалау
3 минутТапсырмалар орындалғаннан кейін бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі. Оқушылар өзін-өзі бағалауға үйренеді.
XI. Кері байланыс
3 минутОқушылар стикерге сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» жапсырады.
Үй тапсырмасы
2 минут19-жаттығу (187-бет): көп нүктенің орнына сын есім қойып, жазу.
Қосымша: сабақ слайдын жүктеу.