Компьютердің атасы кім

Барысы

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін ғана емес, ойлау жылдамдығын, логикасын және топ алдында жауап беру дағдысын тексеруге бағытталған.

I кезең

«Білімділер сайысы»

II кезең

«Ойлан да, тап» (жұмбақтар)

III кезең

«Ғажайып алаң» (пернетақта тақырыбы)

IV кезең

Көрермендер демеушілігі (ұпай жинау)

V кезең

«Кім жылдам?» (соңғы екі сайыскер)

«Компьютер – болашаққа бастайды. Келешекке білім қуған жастарды қадам бастырып, ХХІ ғасырға жетелейді, әлем жаңалығын танытады».

I кезең: «Білімділер сайысы»

Жүргізуші жарыс сұрақтарын қояды. Жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге өтеді.

1. Алғашқы есептеу құрылғысы

Адамзат ең әуелі қарапайым санауды қолданды.

Жауабы: саусақтар

2. Қазіргі ғалымдар немен есептейді?

Жауабы: компьютер

3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

Жауабы: бит

4. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы

Жауабы: модем

5. Пернетақта дегеніміз не?

Жауабы: компьютердің енгізу құрылғысы

6. Компьютердің атасы кім?

Жауабы: Чарлз Бэббидж

7. Баспаға шығару құрылғысы қалай аталады?

Жауабы: принтер

8. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

Жауабы: процессор, монитор, пернетақта

9. Бір символдың орнын көрсететін тік төртбұрышты бейне

Жауабы: курсор

10. XVII ғасырда адамдар немен есептеді?

Жауабы: есепшотпен

Іріктеу қорытындысы бойынша ең төмен балл жинаған бір оқушы ойыннан шығады, қалған 5 оқушы келесі кезеңге өтеді.

II кезең: «Ойлан да, тап» (Жұмбақтар әлемі)

Бұл кезеңде 5 оқушыға бірдей жұмбақтар беріледі. Кім бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол оқушыға ұпай қосылады.

1-жұмбақ

Жауабы: монитор

Көзіменен көрсетеді, сөйлемей-ақ айтар бәрін, алдына оның келсе — тәңірі.

2-жұмбақ

Жауабы: тышқан

Білмейсің өлі-тірісін, қолыңа алсаң әп-сәтте, бітеді жылдам бар ісің.

3-жұмбақ

Жауабы: компьютер

Бар нәрсеге жетік, миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп, шетелге де өтесің.

4-жұмбақ

Жауабы: принтер

Әдетте үнсіз тұрамын, белгі берсең — ұғамын. Жазуы бар қағаздың құралы болып шығамын.

5-жұмбақ

Жауабы: монитор

Компьютердің айнасы: сурет, сөзін көрсетіп, тиер саған пайдасы.

III кезең: «Ғажайып алаң» (Пернетақта сұрақтары)

Әр оқушы қалаған сұрағын таңдайды. Барлық сұрақтар пернетақтаға қатысты. Ұпайлар деңгейіне қарай 20, 30 және 40 болып беріледі.

20 ұпай

  • Үлкен әріппен жазуға арналған перне

    Жауабы: Caps Lock

  • Функционалдық пернелер саны

    Жауабы: 12

  • Курсорды жолдың/мәтіннің басына апаратын перне

    Жауабы: Home

30 ұпай

  • Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік беретін перне

    Жауабы: Enter

  • Бағдарламаны тоқтататын немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне

    Жауабы: Esc

  • Мәліметті солға қарай өшіретін перне

    Жауабы: Backspace

40 ұпай

  • Мәліметті оңға қарай өшіретін перне

    Жауабы: Delete

  • Бұл пернені қоспасақ, сандық блоктан сан тере алмаймыз

    Жауабы: Num Lock

  • Латынның information сөзі нені білдіреді?

    Жауабы: баяндау, түсіндіру, мәлімет беру

III тур қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге өтеді, ал ең төмен балл жинаған оқушыға алғыс айтылады. Осыдан кейін ойынды 3 оқушы жалғастырады.

IV кезең: «Көрермендер демеуші»

Көрермендерге сұрақ қойылады: дұрыс жауап ойыншының ұпайын арттырады. Залда демеуші болуға дайындар бар ма?

Ереже

Әр дұрыс жауап: 5 ұпай

Жиналған ұпайды көрермен өзі таңдаған оқушыға береді.

1. Компьютердің атасы кім?

Жауабы: Чарлз Бэббидж

2. 1642 жылы алғаш қосу машинасын құрастырған кім, қай елдің ғалымы, сол кезде неше жаста болды?

Жауабы: француз математигі Блез Паскаль, 19 жасында

3. Қазіргі калькулятордың негізін салған өнертапқыштар кімдер, қай елден?

Жауабы: орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев және В. Т. Однер

4. Ең алғашқы бағдарламаны жазған кім?

Жауабы: Ада Лавлейс

V кезең: «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде соңғы қалған екі сайыскерге екі сөз беріледі. Мақсат — берілген сөздерге байланысты мүмкіндігінше көп сөз тіркесі немесе туынды сөз құрастыру.

Сөз 1

информатикадан

Сөз 2

ақпараттанған

Осы тапсырма бойынша ең көп әрі дұрыс сөз құрастырған оқушы «Білім жұлдызы» атанады.

Қорытынды

Бүгінгі сайыс — оқушылардың информатикадан алған білімін шыңдап, жылдам ойлау мен дәл жауап берудің маңызын көрсететін әсерлі сабақ. Енді қорытынды жасау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Ұйымдастыруға атсалысқан әділқазылар алқасына, қатысушы оқушыларға және көрермен қонақтарға үлкен алғыс білдіреміз.