Қыз балаға қырық жерден тиым

Сабақтың тақырыбы

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын.

Сабақтың мақсаттары

  • Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ қыздарының бейнесін талдау арқылы қазақ қызына тән мінез-құлық қырларын ашу.
  • Бұрынғы қазақ қыздарының тәрбиесін қазіргі заман қыздарының тәрбиесімен салыстыра отырып, ой қорытуға жетелеу.
  • Көркем мәтінді талдау арқылы оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
  • Сұлулықты көре білуге, эстетикалық сезімді дамытуға баулу.
  • Сүйсіну, жек көру, сүйіспеншілік сияқты сезімдерді тануға және оларды дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың түрі

Тіл ұстарту сабағы.

Қолданылған технология

ГСО.

Көрнекіліктер

Қазақ қыздарының суреттері.

Сабақтың барысы

Сабақтың ұраны

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

О. Сапарбаев

Поэзия минуты (мәнерлеп жатқа оқу)

А) Ақ Жүністің сұлулығы

Қара жерге қар жауар, қанды көр де, етім көр, қар үстіне қан тамар, қарды көр де бетім көр.

Оның жіпке тартқандай қиылған қасы сұлулығын бірден айтпай:

Қиюлы жатқан қалам бар, қаламды көр де қасым көр.

Ақ Жүністің бас бітімінің сұлулығы:

Зергер болсаң қасында, Алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым көр.

Ә) Баянның бейнесі

Тал шыбықтай бұралған өзі көрім, Мінеки, оны айтатын келді жерім. Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян, Сипаты жаннан асқан ол бір серім. Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты, Шашының ұзындығы тізін басты. Гүл төгілер аузынан, меруерт тісті, Ондай жан дүниеде жаралмасты. Аппақ керік маңдайлы, қылығы наз, Малың түгіл басыңды берсең дағы аз.

Талдау және жұмыс түрлері

Көркемдік әдістер

Қыздардың бейнесін жасауда әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдер қолданылған. Оқушылар шығармадан сол тәсілдерді тауып, дәлел келтіреді.

  • Көркем мәтіннен Айманның, Ақ Жүністің және Баянның бейнелерін табу.
  • Олардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді сипаттау.

Пікірталас тақырыбы

Қазақ қыздарының бұрынғы кездегі тәрбиесі мен қазіргі кездегі тәрбиесін салыстыру.

Тақтадағы мақал-мәтелдер

  • Қыздың көркі – киім.
  • Қыз тілінбеген қарбызбен тең.
  • Қызы бар ауылдың қыдыры бар.
  • Қыз бала әкесіне – жұлдыз, шешесіне – күн.
  • Қыз қылығымен көпке жағады.
  • Қыздың малы – қардың суы.
  • Қыз балаға қырық жерден тыйым.

Жазылым тапсырмасы

«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

Бағыттаушы сұрақ

Есімі елге танылған, ізімен үлгі болар қандай әйел тұлғаларын білесіздер (өз ауылдарыңыздан немесе қазақ халқынан)? Олар туралы не айта аласыздар?

Назар аударатын тұстар

  • Ойдың нақтылығы мен дәлелі
  • Тіл мәдениеті (сөз таңдауы, сөйлем құрылысы)
  • Көркем мәтіннен мысал келтіру

Қорытынды

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің сөзін бөлмей, әдеп сақтап,
Халқының салт-дәстүрін қастерлей білген.

Бағалау

Оқушылардың білімі мен белсенділігі бағаланады.

Үй тапсырмасы

Ана туралы немесе қыздар туралы 1–2 шумақ өлең құрастырып, жазып келу.