Тәрбие сағатын ашу
Ашық тәрбие сағаты: «Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран»
№121 топқа арналған тәрбие сағаты Бауыржан Момышұлының өмірі мен мұрасын үлгі ете отырып, туған елге сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді күшейтуге бағытталады. Іс-шара барысында елін, жерін қорғаған ата-бабаларымызды құрметтеу, аталар өсиетінен өнеге алу, азаматтық жауапкершілікті терең түсіну идеялары кеңінен қамтылады.
Тәрбиелік мақсаты
- Бауыржан Момышұлының өмірін өнеге ете отырып, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
- Елін, жерін қорғаған ата-бабаларымызға құрмет сезімін қалыптастыру.
- Аталар өсиетінен тағылым алып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі
Б. Момышұлының портреті
Оқушылар назарын тұлға бейнесіне шоғырландыру.
Суретті бүктеме
Негізгі кезеңдер мен деректерді көрнекі жеткізу.
Өсиетті бүктеме
Нақыл сөздер мен тағылымды ойларды талқылау.
Кітап көрмесі және слайдтар
Дереккөздермен таныстыру және визуалды материалдар.
Тәрбие сағатының барысы
-
1
Тәрбие сағатын ашу
-
2
Кіріспе (топ жетекшісі)
-
3
Өлең: «Бауыржан Момышұлына» (М. Мақатаев)
-
4
«Ұшқан ұя» повесінен үзінді
-
5
Өлең: «Туған жер» (Б. Момышұлы)
-
6
Өлең: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
-
7
Қазақ тілі туралы пікір (Б. Момышұлы)
-
8
Бәукеңнің нақыл сөздері
-
9
Слайд: Б. Момышұлының суреттерімен таныстыру
-
10
Көрініс
-
11
Соғыс ардагерінің ұрпағына сөзі
-
12
Қорытынды
Өлең: Еркебұлан
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған, Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған! Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып, Куәлігін жарты ғасыр кеш алған. Сендей қайсар перзент туу — әр әйелге бас арман!
Кіріспе сөз (топ жетекшісі)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жауынгер-жазушы, тіл жанашыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Жазушылығы мен азаматтығы аңызға айналған Бауыржан Момышұлының тарих тарауларынан алар орны айрықша. Тұтас бір халық төбесіне көтерген ардақты азаматқа көп жылдар бойы Батыр атағы берілмей келді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 1990 жылы Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшыларының бірі Бауыржан Момышұлына «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Сол бір қуанышты күн туралы мынадай әңгіме бар: Бақытжан Момышұлына жолдаған құттықтау хатының соңында Елбасы «Бауыржанның жұлдызы жанған күні — халықтың жұлдызы жанған күні» деп жазған екен.
Бәукеңнің тағы бір ерекшелігі — көрегендігі. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр.
Өлең: «Бауыржан Момышұлына»
Автор: Мұқағали Мақатаев
Орындаушы
Хамзаев Ж.
Аға, саған, білмеймін, не айтарымды, Қай қырыңнан білмеймін байқарымды. Көңілдегі ой көмейге кептелді де, Түрмесіне кеудемнің қайтарылды. Қайтерімді, білмеймін, не айтарымды. Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды, Неге көңіл, білмеймін, аңтарылды?! Ақ тұлпарым бар еді саған деген, Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!
Тұрлыбек
Сен зәру емессің ғой құрметке, (Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...) Тонға емес, орамал жолға жарап, Сый тартуды атамыз ырым еткен. Тартар сыйым өзіңе болмаған соң, Белгілі ғой қасыңа жоламасым. Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды, Алсам-дағы басынан томағасын.
Аман
Қылышымды суырып қынабынан, Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау... Жетімдердің кегі мен жесірлердің Суарып ем суалған бұлағына. Қайрап едім зауалдың шарығына, Қақтап едім қан майдан жалынына. Қынабына оны да жасырдым мен, Керек болып жүрер деп халқыма. Қынабына сап қойдым үмітпенен, Оның несін жасырам бүгін сенен. Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау, Назарына ешкімнің ілікпеген.
Материалды жинақтаған: Наурызбаева Қарашаш Исақызы
Қызылорда политехникалық колледжі