Кіріктірілетін модульдер

9-сынып • Геометрия

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштардың ұқсастығы

Сабақтың мақсаттары

Негізгі бағыт

1) Білімділік

Фигуралардың теңдігі туралы түсінікті нақтылау.

2) Дамытушылық

Қозғалыс, тең фигуралар тақырыптарын байланыстыра отырып, оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа және ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

Практикаға бағыт
  1. 1

    Теориялық білімді практикада қолдануға үйрету және білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

  2. 2

    Оқушының таным көкжиегін кеңейту және ойлау қабілетін арттыру.

  3. 3

    Эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Сабақ соңында оқушылардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен нәтижелер.

Теория Есеп шығару Коммуникация

1) Ұқсастық белгілерін меңгереді

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін және белгілену (жазылу) тәсілдерін біледі.

2) Білімін есептерде қолданады

Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есеп шығару барысында тиімді пайдалана алады.

3) Өздігінен оқу дағдысы қалыптасады

Білімді өз бетінше меңгеруге, өзгенің пікірін тыңдауға және өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың типі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Кіріктірілетін модульдер

ОҮБ, ОБ, СТО, оқу мен оқытудың жаңа тәсілдері, көшбасшылық, жас ерекшеліктері.

Бағалау критерийлері

  • Ауызша есептеулер
  • Оқулықтағы есептер

Бағалау рейтингі

Жинаған ұпай санына сәйкес қойылатын баға.

30–35 ұпай
5
25–29 ұпай
4
16–24 ұпай
3
0–15 ұпай
2

Дескриптор

(Дескрипторлар бөлімін толтыру үшін орын қалдырылды.)