Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау

Сабақ туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, М. Әуезов атындағы орта мектебі КММ. Мұғалім: Файзрахманова Ардақ Кизатулловна.

Пәні және сыныбы

Категория
Математика пәні
Бөлімі
Алгебра
Сынып
9

Сабақтың тақырыбы

Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану.

Негізгі идея: тригонометриялық формулаларды пайдаланып, өрнектерді әртүрлі тәсілмен ықшамдау және функция мәндерін табу.

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табу дағдысын қалыптастыру, алған білім мен біліктерді жүйелеу және жалпылау.
  • Оқушылардың негізгі тригонометриялық формулаларды қолданып есептерді әртүрлі тәсілмен шығара алуын, тригонометрия элементтері бойынша алған білімін практикада қолдануын бақылау.

Сабақтың түрі

Қайталау, пысықтау.

Сабақтың типі

Қайталау, жинақтау, есептер шығару.

Бақылау түрі

Өзіндік және өзара бақылау, мұғалім тарапынан бақылау.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс
  • Ойын элементтері
  • Шығармашылық тапсырмалар
  • Интерактивті мультимедиялық оқыту
  • Практикалық іздену
  • Ой қозғау
  • Зерттеу
  • Өзіндік жұмыс

Пәнаралық байланыс және көрнекіліктер

Пәнаралық байланыс

Тарих, геометрия.

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта, компьютер, презентация
  • Үлестірмелі тапсырмалар, кестелер
  • Гүл жапырақшалары, бағалау парағы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу және сабаққа ынталандыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер бойымен тұрайық! Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай керемет! Бұл жай ғана шеңбер емес — оның сиқыры бар.

Әрқайсысың өз алдарыңда жатқан түрлі түсті стикерлердің артына қараңдар. Егер:

  • күлімсіреу бейнеленсе — бір-бірімізге күлімдей қараймыз;
  • алақан бейнеленсе — қолымызды қысып амандасамыз;
  • күн бейнеленсе — жақсы ықыласпен сәлемдесеміз;
  • жүрек бейнеленсе — құшақтасамыз.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Сабақты осы көтеріңкі көңіл-күймен бастап, тақырып пен мақсаттарды таныстырамыз.

II. Топқа бөлу

1-топ

Синустар

2-топ

Косинустар

3-топ

Тангенстер

4-топ

Котангенстер

III. Үй тапсырмасын тексеру

№325. Өрнекті ықшамдаңдар.

Ескерту

Толық нұсқасын жүктеу.