Көбейтудің компоненттерін атау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Екі таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу тәсілін таныстыру.
- Жазбаша бөлудің қадамдарын меңгерту.
- Есептер мен мысалдарды шығарту арқылы дағдыны бекіту.
Тәрбиелік
- Ақыл-ой және еңбек мәдениетін қалыптастыру.
- Дәптермен жұмыс барысында ұқыптылық пен тазалыққа баулу.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
- Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту.
- Математикалық тілде сауатты сөйлеуге үйрету.
- Жылдам есептеу және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Әдістері
Түсіндіру, көрсету, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі
Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
- Психологиялық дайындық: бір-біріне жымиып қарау, жайланып отыру, көзді жұмып, іштен қайталау.
Ішкі ұстаным (аффирмация)
Мен бақытты баламын.
Жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді!
Білімді, алғыр болғым келеді!
II. Үй тапсырмасын тексеру
№2–5 есептер. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексере отырып, жауаптарын салыстыру.
III. Өткенді қайталау және қорытындылау
1) Математикалық диктант
- 125 пен 5-тің көбейтіндісін 118-ге кеміт.
- 900 бен 456-ның айырмасын 2 есе кеміт.
- 95 пен 4-тің көбейтіндісіне 459-ды қос.
- 1000 мен 455-тің айырмасын 5 есе кеміт.
2) Теориялық сұрақтар
- Көбейтудің компоненттерін ата.
- Көбейтуді немен тексереміз?
- Көбейткіштердің орындары ауысқаннан кейін не өзгереді?
3) Ауызша жаттығулар
Бөліндінің мәні мен қалдықты ата.
IV. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Сынып «Алғырлар» және «Білгірлер» топтарына бөлінеді. Әр тапсырманың өзіндік құны болады; сол арқылы топтар ұпай (қаражат) жинайды.
V. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс. №2
а) Есептеуді құрастыру, бірінші толымсыз бөлінгішті анықтау. Есептеу және тексеру тәсілін түсіндіру.
ә) Өзіндік жұмыс.
№3 Есеп (талдап шығару)
- 3750 : 15 = 250 (км/сағ) — 1-пойыздың жылдамдығы.
- 5880 : 21 = 280 (км/сағ) — 2-пойыздың жылдамдығы.
- 280 − 250 = 30 (км/сағ) — 2-пойыздың жылдамдығы соншалық артық.
ә) Баға қойылатын өзіндік жұмыс.
- 2520 : 84 = 30 (сағ) — жолдағы уақыт.
- 72 × 30 = 2160 (км) — 1-пойыздың жүрген жолы.
- 2160 + 2520 = 4680 (км) — пойыздар арасындағы қашықтық.
VI. Түсінгендерін тексеру және бекіту
№4
а) Шешуі
240 : (36 − 28) = 30
36 × 30 = 1080
28 × 30 = 840
Жауабы: үлкен залда 1080, ал кіші залда 840 орын бар.
ә) Шешуі
16 : (7 − 5) = 8 (л)
7 × 8 = 56 (л)
5 × 8 = 40 (л)
Жауабы: әкесі 56 л, ал ұлы 40 л су әкелді.
Өзіндік жұмыс. №5
Көлемді есептеу және ыдыс саны:
«Кім жылдам?»
№6 Мысалдар
«Ойлан, тап»
Төмендегі сандардың ішінен 3-ке бөлінетін және 2-ге бөлінетін сандарды тап.
45 123; 32 112; 14 580; 55 170; 91 110; 23 504; 25 110; 58 096; 10 006; 3111; 50 211; 40 111.
№7 Мысал
Берілген өлшемдерді миллиметрмен өрнекте (ауызша).
Дауылпаз
3 м 20 см → 3200 мм
Сұңқылдақ аққу
2 м 60 см → 2600 мм
Субүркіт
2 м 55 см → 2550 мм
Құзғын
1 м 25 см → 1250 мм
VII. Сабақты қорытындылау
Талқылау сұрақтары:
- Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсе білдіңдер?
- Нені үйрендіңдер?
Шығармашылық жұмыс. №8
а) Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатын екі сан ойлап тап:
ә) Көбейтінділері олардың қосындысына тең болатын үш сан ойлап тап:
б) Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біріне тең бола ала ма? Әр көбейткішке ше?
- Егер көбейткіштердің бірі 1-ге немесе 0-ге тең болса.
- Егер көбейткіштердің екеуі де 1-ге немесе 0-ге тең болса.
VIII. Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы
- Бекіту: электронды оқулықтан тест тапсырмаларын орындау.
- Бағалау және қорытынды жасау.
- Үй тапсырмасын беру.