Сабақтың мақсатымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы · Катонқарағай ауданы · Ақмарал ауылы
Ақмарал негізгі орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі: С. М. Дюзбаева
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
1) Білімділік
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау және тексеру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ойын жинақтап, математикалық тілде тұжырым жасай білу қабілетін дамыту; танымдық белсенділігін арттыру; теориялық білімін практикамен байланыстыру.
3) Тәрбиелік
Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға, шапшаң әрі дәл есептеуге, тез ойлауға және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Қайталау–жинақтау сабағы.
Көрнекіліктер
- Тірек сызбалар
- Карточкалар
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
Сабақтың ұстанымы
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап».
— Абай
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.
II. Қайталау: сұрақ-жауап
Ауызша сұрақтар арқылы «Қайталау – оқу анасы» тіркесі құрастырылады.
-
Бөлімі 10, 100, 1000 және т.с.с. болатын жай бөлшектерді бөлімсіз қалай жазуға болады?
Кілт: Қ -
Ондық бөлшектің жазылуында үтір қай жерге қойылады?
Кілт: А -
Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?
Кілт: Й -
7,126 ондық бөлшегінің бөлшек бөлігіндегі разрядтарды атаңдар.
Кілт: Т