Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер

Ертеңгілікке дайындық

Топ бөлмесі салтанатты ертеңгілікке сай безендірілді: қанатты сөздер жазылған плакаттар ілініп, түрлі-түсті шарлармен көркемделді. Бүгінгі мерекеде кеше ғана алаңсыз ойнаған бүлдіршіндер дайындық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын, жас бүлдіршіндер!

Ертеңгіліктің ұраны

«Біз мектепке барамыз!»

Біліміміздің артқанын, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін ән-күймен, өлеңмен, жұмбақпен, мақал-мәтелмен көрсетеміз.

Ізгі тілек

Шәкірт атының баласы емес, халықтың баласы болсын. Жауапкершілік артып, жаңа белеске нық қадам басатын күн туды.

Мерекелік көңіл күй

Қуанышқа ортақпыз. Өсті бойларың, өсті ойларың. Алда — мектеп, алда — арманға бастар жол.

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті жиналған барша қауым, қадірлі ұстаздар, аяулы ата-аналар және балалар! «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Егемен еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік заманда бүгінгі қуаныштарыңызға тағы бір қуаныш қосылсын. Дайындық тобын тәмамдаған бүлдіршіндер 1-сыныпқа қадам басқалы тұр.

Тілек-өлең

Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар.

Өздеріңнен өседі

Өнершілдер, даналар.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Шақыру және таныстыру

Әр баланың ерекшелігін атап, оларды ортаға шақырамыз. Әрқайсысы — топтың мақтанышы, ертеңгі күннің үміті.

Көркем ару
Ажар
Сымбатты ару
Көркемай
Инабатты ару
Ләззат
Білімді, дарынды
Ержан, Мейрамбек
Атақты бишілер
Аружан, Ақбота, Аяжан
Сүйкімді, сүйікті қыздар
Дильназ, Жанат, Аружан
Спорт шеберлері
Болат, Данияр, Бексұлтан

Балалардың қоштасу жырлары

Балалар тәрбиешіге алғыс айтып, мектепке жол тартар қуаныштарын жыр жолдарымен білдіреді.

Хор: «Мұғалім — ол біздің…»

1-бала: Қуанамыз, сыйлаймыз қуаныштың мың гүлін. Алғашқы топты қимай, қоштасатын күн бүгін.

2-бала: Өз үлгіңді ұстаймын, айтқаныңнан шықпаймын. Мен балапан құстаймын — баулыдың сен, мұғалім.

3-бала: Бізге тәртіп үйреткен, ән салдырып билеткен, ең алғаш әріптермен, суреттермен таныстырған — ол тәрбиеші апайымыз.

4-бала: Оқимыз, білім аламыз, болашақ жолын саламыз. Мектепалды тобымен қоштасып, біз мектепке барамыз.

5-бала: Жеті жасқа толамыз, әдепті бала боламыз. Ата-ананы қуантıp, кілең бестік аламыз.

6-бала: Қуанышты, көңілді — нағыз жақсы мереке. Шығарып салмақ мектепке.

Жалғасқан тілектер

7-бала: Құшағыңда жарқылдап өтті сәби күндерім. Би биледім, ән тыңдап, алаңдауды білмедім.

8-бала: Біз балауса баламыз, жетілді ой-санамыз. Даярлықпен қоштасып, біріншіге барамыз.

9-бала: Адам етіп баптаған, ардақтап бізді мақтаған. Даярлыққа мың алғыс!

10-бала: Күннің нұры шуақты сергітеді денемді. Құрдастарым сияқты, оқушымын мен енді.

11-бала: Жақсылыққа құмармыз, жақсы адам болып шығармыз. Қуантып ата-ананы, таза сәби жүрекпен айтамыз сізге мың алғыс!

Көркем нөмірлер

  • Ән: «Ертегілер елінде»
  • Би: Испан биі
  • Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
  • Би: «Қара жорға»

Тәуелсіз Қазақстан туралы сұрақ-жауап

Сұрақтар

  • Балалар, біз Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық?
  • Балалар, біз қай елде тұрамыз?
  • Қазақстанның елордасы қай қала?
  • Елбасымыз кім?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
  • Гимн дегеніміз не және оны орындағанда қалай тұрамыз?

Жауаптар

  • 20 жылдығын.
  • Қазақстан Республикасында.
  • Елордамыз — Астана.
  • Н. Ә. Назарбаев.
  • Ту, Елтаңба, Гимн.
  • Гимн — әр мемлекеттің ресми әнұраны. Салтанатты жағдайда орындалады. Орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек тұсына қоямыз.

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған гимні бар.

Тақпақтар: рәміздерге тағзым

1-бала: Зеңгір аспан көгілдір, алтын күні төрінде. Тамылжытып төгіп нұр, шаттық сыйлар көңілге.

2-бала: Елтаңбасы елімнің неткен айбат, әдемі. Тұнығындай көгілдір — ортада аспан әлемі.

3-бала: Көк аспандай көгілдір Қазақстан байрағы. Нұрын күндей төгіп тұр — жылдарымыз жайдары.

4-бала: Құт-береке — шаңырақ, орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ екі жақтан көмкерген.

5-бала: Көк байрақтың бетінде қыран қалықтайды. Сол қырандай еркіндеп бала өседі талапты.

6-бала: Тәуелсіздік жолында талай-талай тер тамған. Билігі өз қолында — еркіндігім, Елтаңбам!

Ертегі және әндер

  • Ертегі: «Көбелектер»
  • Ән: «Отырардағы той»
  • Би: Өзбек биі
  • Ән: «Қошақаным»

Әріптер шеруі

Бүлдіршіндер әріптерді таныстырып, қысқа шумақтармен мәнін ашады.

А әрпі

Ата-ананың тілегі — адам болып өскенің. Адамдықтың тірегі — адал болып өскенің.

Ш әрпі

Шананың да, шардың да мен тұрамын алдында. Менен ғана басталар шұғыла да, шалғын да.

Р әрпі

Раушан гүлін Раушан өте жақсы көреді. Үй маңына сән болсын деп өсіріп келеді.

Т әрпі

Түлкі, тазы, тотықұс, тырнаны оған қосыңыз. Басталар бәрі «Т»-дан: терек, тарақ, тас — біліп жүріңіз.

Л әрпі

Тастан тасқа секірген, ұзын салпаң құлақты, қойдан маза кетірген — кім білмейді лақты?

У әрпі

Уық деген немене? Уыз жегің келеме? Қай әріптен басталар — айтып берші, кәне?

Сандар шеруі

Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды өлеңмен таныстырып, білімдерін көрсетеді.

1–5

1 саны: Мені келсе білгің — мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, ең басында тұрамын.

2 саны: Бірден кейін тұрамын — бірден кейін тұрағым. Бірді бірге қосқанда, мен шығамын, шырағым.

3 саны: Екіден соң әрқашан үш саны мен тұрамын. Орныма барамын — екі айшық саламын.

4 саны: Үш сызықтан аяғым — оқушылар қояды. «Төрт» дегенің баяғы төрт түліктің аяғы.

5 саны: Төрттен кейін бесті білу оңай десті. Санашы бір қолыңның саусағын.

6–10

6 саны: Мен өзімді қатарға бестен кейін тұрамын. Басым бірден басталып, нөлмен бітер аяғым.

7 саны: Қара мына қызықты — көсеуді ұмытты. Жазылғанда қос дөңгелек, бел ортамнан сызықты.

8 саны: Менің атым сегіз, жетіден соң десеңіз. Жеті болам бір тартсаң, мен боламын сегіз.

9 саны: Сегізден кейін тоғыз. Алтыны төбесінен тұрғыз — сонда боламын тоғыз.

10 саны: Әліппеде «О»-ға ұқсаймын, санда «0»-ге ұқсаймын. Жеке тұрсам мәнім жоқ — бір орынды ұстаймын.

Қорытынды көркем нөмірлер

  • Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»
  • Би: Вальс
  • Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
  • Би: Сахналық қойылымдар

Қоштасу сөзі

Айналайын гүлдерім, айым менің, күндерім! Маған қызық тілдерің, естен кетпес күндерің. Сендердікі — болашақ, өтер балғын жастық шақ. Озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар!

«Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.