Сценарийге негізделген анимация

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында қарапайым анимация құру жолдарымен таныстыру және анимация түрлері туралы білім-білігін қалыптастыру.

Дамытушылық

Macromedia Flash бағдарламасымен жұмыс істеу барысында практикалық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру (3 минут)

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар бір-бірінің қолын ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіздерін білдіреді:

«Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!»

II. Үй тапсырмасын тексеру (6 минут)

Тест компьютер көмегімен жүргізіледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

  1. 1. Мультипликация дегеніміз не?

    • a)Құжатты сақтауды автоматтандырады.
    • b)Үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны білдіреді.
    • c)Көшіру, қию, қою бұйрықтары.
    • d)Графикалық ақпарат.

    Дұрыс жауап: b

  2. 2. Суретке алғаш жан бітіргендер

    • a)Әмен Қайдаров.
    • b)Уолт Дисней.
    • c)Жозеф Плато және Симон фон Штампфер.
    • d)Джон Стюарт Блэктон және Уинзор Маккей.

    Дұрыс жауап: c

  3. 3. Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі қай жылы жарыққа шықты?

    • a)1980 ж.
    • b)1967 ж.
    • c)1964 ж.
    • d)1975 ж.

    Дұрыс жауап: b

  4. 4. Қазақ мультипликация өнерінің тұңғышы — ертегі негізінде түсірілген мультфильм қалай аталады?

    • a)Ақсақ құлан.
    • b)Қаңбақ шал.
    • c)Қарлығаштың құйрығы неге айыр.
    • d)Тігінші мен ай.

    Дұрыс жауап: c

  5. 5. Осы мультфильмнің режиссері әрі суретшісі кім?

    • a)Ә. Қайдаров.
    • b)Қ. Сейденов.
    • c)Б. Омаров.
    • d)Т. Мұқанова.

    Дұрыс жауап: a

  6. 6. Macromedia Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілімі

    • a)pdf, docx.
    • b)avi, wav.
    • c)mp3, mp4.
    • d)fla, swf.

    Дұрыс жауап: d

  7. 7. Бағдарламада кез келген фильм элементі қандай нысан ретінде қарастырылады?

    • a)Button (батырма).
    • b)Text (мәтін).
    • c)Symbol (символ).
    • d)Сурет.

    Дұрыс жауап: c

  8. 8. Дайын болған Flash-фильмді алдын ала көру үшін не істеу керек?

    • a)Control → Test Movie.
    • b)Control → Test Scene.
    • c)Run.
    • d)Control → Run.

    Дұрыс жауап: a

  9. 9. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал

    • a)Қалып-күй жолағы.
    • b)Tools (құрал-саймандар) панелі.
    • c)Бас мәзір.
    • d)TimeLine (уақыт шкаласы).

    Дұрыс жауап: d

  10. 10. Мультипликациялық киноның негізін салушылардың бірі, әйгілі «Микки Маус» мультфильмінің авторы

    • a)Эмиль Рейно.
    • b)Уолт Дисней.
    • c)Уинзор Маккей.
    • d)Эмиль Коль.

    Дұрыс жауап: b

III. Жаңа тақырып

Анимация — мультимедиа жүйесінде қозғалыстың әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін кескіндер тізбегін жылдам көрсету арқылы экранда қозғалыстағы нысанды бейнелеу тәсілі.

Flash-та анимациялаудың 3 түрі

  • 1) Автоматты анимациялау (Tweened animation)

    Автор тек бірінші және соңғы кадрды құрады, ал аралық кадрларды Flash автоматты түрде қалыптастырады.

    Motion animation

    Нысанның қозғалысына негізделген анимация.

    Shape animation

    Нысанның пішінін/түрін өзгертуге негізделген анимация.

  • 2) Кадр бойынша (классикалық) анимация

    Автор әр кадрды өзі жасайды немесе басқа қосымшалардан импорттап, олардың экранда көріну ретін анықтайды.

  • 3) Сценарийге негізделген анимация

    Сценарий — Flash тіліндегі ActionScript арқылы жазылатын әрекеттер жиынтығы; ол нысанның мінез-құлқын және интерактивтілігін сипаттайды.