Дәйек сөздер

Кітапханашының кіріспе сөзі

Егемендік алған еліміздің болашағы — жас ұрпақ. Олар ең алдымен мектепте тәлім-тәрбие алып, өз болашағын осы ортада айқындайды. Сондықтан бүгінгі күні жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептің орны ерекше.

Мектеп кітапханасының басты мақсаты — педагогикалық ұжым мен оқушыларға білім беру үдерісінде қолдау көрсету, кітап оқуға сүйіспеншілік қалыптастыру, оқу құралдарын тиімді пайдалануға үйрету. Жас жеткіншектердің көзі ашық, көкірегі ояу, өз дәуірінің тұлғасы болып қалыптасуына кітапхананың қосар үлесі мол.

Күш — кітапта. Оқусыз, білімсіз, рухани демеусіз ешкім де алысқа ұзай алмайды. Бала — болашағымыз. Өскелең ұрпақ өнегені өзгеден емес, өз ішімізден іздеп, ел мақтан тұтар ұлы перзентке айналуы тиіс.

Қатысушылар

  • Сыныптар: 4 «А», 4 «Ә»
  • Оқушылар: ______________________________
  • Сарапшы ұстаздар: ______________________________

Сайыс құрылымы

«Бәсекеге қабілетті ұландар» білім сайысы төрт кезеңнен тұрады:

  1. I кезең: Бәйге

    Жылдам жауап беру. Дұрыс жауап — 10 балл.

  2. II кезең: «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл»

    Ұлттық салт-дәстүр, мақал-мәтел, таным. Дұрыс жауап — 20 балл.

  3. III кезең: Білім сайысы

    Пәндік сұрақтар (10/20/30/40 ұпай). Таңдау — компьютер арқылы.

  4. IV кезең: Жорға

    Жедел сұрақтар: 10 сұрақ, әрқайсысы — 1 балл.

I кезең: «Бәйге» (10 балл)

Бұл кезеңде берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңыздар. Егер жауап қате болса, келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл беріледі. Сәттілік тілейміз!

Сұрақтар мен жауаптар

1) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
1991 жылғы 16 желтоқсан.
2) Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
1991 жылғы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.
3) Н. Ә. Назарбаев кім? Қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. 1940 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған.
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қандай?
Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
5) Қазақстан халқы тұңғыш Президентін қашан сайлады?
1991 жылғы 1 желтоқсан.
6) Д. А. Қонаев қай жылы дүниеге келді?
1912 жылғы 12 қаңтар.
7) ҚР мемлекеттік әнұранының авторлары кімдер?
Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
8) Ұлттық валюта қашан енгізілді?
1993 жылғы 15 қараша.
9) Талас ауданының әкімі кім?
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы.
10) Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі қалай аталады?
Карта.

II кезең: «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» (20 балл)

Әр қатысушыға үлестірмелі қағаз арқылы сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 20 балл жинай аласыздар.

1-нұсқа

  • а) Ораза ұсталатын Рамазан айында орындалатын қандай ән? Жауап: Жарапазан.
  • ә) Ата көрген оқ жонар, ана көрген ______ пішер. Жауап: тон.

2-нұсқа

  • а) Төрт түлікті ата. Жауап: Түйе, сиыр, қой, жылқы.
  • ә) Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның ______. Жауап: көл-көсір.

3-нұсқа

  • а) 22 наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі не? Жауап: 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі.
  • ә) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ______ бол. Жауап: ұлтан.

4-нұсқа

  • а) Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең қалай аталады? Жауап: тұсаукесер.
  • ә) Білекті бірді жығар, білімді ______ жығар. Жауап: мыңды.

5-нұсқа

  • а) Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегі қалай аталады? Жауап: иткөйлек.
  • ә) Қына тасқа бітеді, білім ______ бітеді. Жауап: басқа.

6-нұсқа

  • а) Жігіт адамның неше жұрты бар? Жауап: үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты).
  • ә) Ер бір өледі, қорқақ ______ өледі. Жауап: мың.

Сарапшылар өткен екі кезең бойынша ұпайларды жариялайды. Ұпайы төмен екі оқушы сайыстан шығарылады.

III кезең: Пәндік «Білім сайысы»

Бұл кезеңде компьютерден ұпайларды (10/20/30/40) таңдау арқылы пән бойынша сұрақтарға жауап бересіздер.

I. Математика

  • 10 балл: Текшенің (кубтың) неше өлшемі бар? Жауап: 3 өлшемі бар (ұзындығы, ені, биіктігі).
  • 20 балл: Перпендикуляр түзулер деген не? Жауап: тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер.
  • 30 балл: Сиқырлы шаршының бос торкөздерін толтыр.
  • 40 балл: Қанат 5 кг алмұрт үшін 350 теңге төледі. 210 теңгеге қанша кг алмұрт сатып алады? Жауап: 350 ÷ 5 = 70 тг (1 кг). 210 ÷ 70 = 3 кг.

II. Қазақ тілі

  • 10 балл: «Ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Жауап: Ғ — дауыссыз, ұяң; а — дауысты, жуан; р — дауыссыз, үнді; ы — дауысты, жуан; ш — дауыссыз, қатаң; к — дауыссыз, қатаң; е — дауысты, жіңішке; р — дауыссыз, үнді.
  • 20 балл: Дыбыс үндестігі деген не? Жауап: дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуы.
  • 30 балл: Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Мысалы: «Жаз ыстық болса, қыс суық болады».
  • 40 балл: «Досы» сөзін септе. Атау: досы; Ілік: досының; Барыс: досына; Табыс: досын; Жатыс: досында; Шығыс: досынан; Көмектес: досымен.

III. Ана тілі

  • 10 балл: Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады? «Қару жисаң, мылтық жи, жаяу жүрсең — таяқ, қарның ашса — тамақ» Жауап: шешендік сөз.
  • 20 балл: «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылу керек...» — сөйлесудің қай түрі? Жауап: монолог.
  • 30 балл: «Әліпби», «Тіл-құрал» еңбектерінің авторы кім? Жауап: А. Байтұрсынов.
  • 40 балл: Қазақ қызының сұлулығы суреттелген шығарманы ата. Жауап: «Қыз Жібек».

IV. Дүниетану

  • 10 балл: Көкжиек тұстары қандай құралмен анықталады? Жауап: тұсбағдар (компас).
  • 20 балл: Қазақстан қандай елдермен шектеседі? Жауап: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан.
  • 30 балл: Тарихи-мәдени ескерткішті ата. Ол қай жерден табылған? Жауап: Алтын адам — Есік қаласынан табылған.
  • 40 балл: Әлемнің жеті кереметін ата. Хеопс пирамидасы; Семирамиданың аспалы бағы; Александрия шамшырағы; Зевс мүсіні; Родос алыбы; Галикарнас кесенесі; Артемида ғибадатханасы.

Сарапшылар III кезең бойынша ұпайларды жариялайды. Ұпайы төмен екі оқушы сайыстан шығарылады.

Қатысушыларға естелік

Сайыста өз білімін көрсете білген оқушыларға естелік ретінде кітапшалар табысталады. Келесі жарыстарда да биік шыңнан көрініп, жеңімпаз атана беріңіздер.

IV кезең: «Жорға» (жедел сұрақтар)

Бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берсеңіздер, сонша ұпай жинайсыздар. Әр сұрақ 1 балл болып есептеледі. Ұпайы жоғары оқушыдан бастаймыз. Іске сәт!

1-оқушыға арналған 10 сұрақ

  1. Сиырдың пірі. (Зеңгі баба)
  2. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)
  4. Басты байлық. (Денсаулық)
  5. Қара алтын. (Мұнай)
  6. 12 ай. (Жыл)
  7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы. (Ы. Алтынсарин)
  8. Абайдың әжесі. (Зере)
  9. Көру мүшесі. (Көз)
  10. Заттың сынын білдіретін сөз. (Сын есім)

2-оқушыға арналған 10 сұрақ

  1. Түйенің пірі. (Ойсылқара)
  2. Жыл басы. (Тышқан)
  3. Жер бетінде өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат. (Топырақ)
  4. Ақ алтын. (Мақта)
  5. Орман дәрігері. (Тоқылдақ)
  6. 7 күн. (Апта)
  7. Есту мүшесі. (Құлақ)
  8. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
  9. Заттың қимылын білдіретін сөз. (Етістік)
  10. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

Қорытынды сөз және марапаттау

Білімдіден шыққан сөз — дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім — өлшеусіз байлық. Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды: білімді сенен ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды. Білім — сенің серігің, өмірлік жолдасың.

Жеңімпаз

Бүгінгі жарыста «Бәсекеге қабілетті ұлан» атағына __________________________ лайық деп танылды.

Марапаттау рәсімі

Марапаттау рәсімі мектебіміздің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Болғанбаев Әли Болатұлына беріледі.