Орыс тілі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын нығайтып, аударма жұмыстарына көңіл бөлу.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін жетілдіру.
  • Есте сақтау қабілетін күшейтіп, сөздік қорды байыту.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару, көңіл күйін бейімдеу.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

Тапсырма: Денсаулық тақырыбы бойынша оқушылар тапқан 5 мақал-мәтелді жатқа айту.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Кіріспе

Тақырып: «Емханада». Сонымен бірге сан есім бойынша қайталау жұмысы жүргізіледі.

2) Сөздік жұмысы

Қазақша Орысша
Емхана поликлиника
Ауыру болеть
Барлық все
Мән бермеу не обращать внимание
Өкіну сожалеть
Дәрігер врач
Тұрмыстық жағдай бытовые условия
Экологиялық қолайсыздық экологические неудобства
Сарапшылар эксперты
Дерек факт
Өмір салты образ жизни
Қоршаған орта окружающая среда

3) Мәтінмен жұмыс

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»

Мәтінді оқу және аудару. Оқушылар негізгі ойды анықтап, денсаулықты сақтаудың жолдарын қысқаша талқылайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту

A) Жазылым: сөйлемдерді толықтыру

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

  • Жүрегің ауырса, ... көрін.
  • Тісің ауырса, ... бару керек.
  • Тұмауың болса, ... бару керек.
  • Көзің ауырса, ... бар.
  • Құлағың ауырса, ... бару керек.
  • Дәрі керек болса, ... бар.
  • Емделсең, ... жазыласың.
  • Жазылсаң, ... шығасың да сабаққа барасың.

Ә) Сан есім: топтастыру

Төмендегі сандарды мағынасына қарай топтарға бөліп жазыңдар (есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, болжалдық).

Қырықтай Ондап Біреу Отыз бесінші Мың тоғыз Екіден бір Отыздай Екі мың он екінші Бесеу Оннан Тоғыздан Тоғыздай Жүздеген Он жарым Қырықтың екісі Жүздеп Бесінші Елу тоғыз Мың Екі мыңыншы Тоқсандай Алпыс алтыншы Үшеу Елуге жуық Оннан екісі

V. Сабақты қорытындылау

A) Талқылау сұрақтары

  • Денсаулыққа кері әсер ететін қандай жағдайларды атай аласыңдар?
  • Дүниежүзілік деректер бойынша адам денсаулығының қанша пайызы өмір салтына байланысты?
  • Экологиялық қолайсыздықтарға нені жатқызуға болады?
  • Адам ауырса, кімнен көмек сұрайды?

Ә) Жазылым: грамматикалық тапсырма

5-тапсырма. Етістікті жіктеп жазу және сөздерді тәуелдеу.

Мысал: «ем алу» (емханада)

  • Мен емханада ем аламын.
  • Сен емханада ем аласың.
  • Сіз емханада ем аласыз.
  • Ол емханада ем алады.
  • Біз емханада ем аламыз.
  • Сендер емханада ем аласыңдар.
  • Сіздер емханада ем аласыздар.
  • Олар емханада ем алады.

Сөздерді тәуелдеу

Менің дәрігерім, денсаулығым.

Сенің ..., ....

Сіздің ..., ....

Оның ..., ....

Біздің ..., ....

Сендердің ..., ....

Сіздердің ..., ....

Олардың ..., ....

VI. Үй тапсырмасы

191-бет, 6-тапсырма: суретті пайдаланып, сөйлем құрап жазу және сол бойынша қысқаша әңгімелеу.

VII. Бағалау және рефлексия

Бағалау

Оқушылардың қатысуы, жазылым жұмыстары, мәтінді түсінуі және сан есім бойынша тапсырмаларды орындауы ескеріледі.

Рефлексия

«Емханада» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді бекіту, сан есімді қайталау және сабақтан алған әсерді қысқаша айту.