Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№9 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сакауова Нуржамал Серкалиевна
Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 7
Сабақ тақырыбы
Осы шақ және нақ осы шақ
Мақсаттары
- Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.
- Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау.
- Еркін сөйлеуге және қорытынды жасай білуге жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже
- Мәтінді оқи отырып, идеясын тарау тақырыбымен байланыстыра аша алады.
- Батылдық ұғымының негізгі маңызын түсінеді.
- Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Бағалау түрлері
Оқыту модульдері
Сабақ құрылымында келесі бағыттар жүйелі түрде қолданылады:
АКТ
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
СТО
Сын тұрғысынан ойлау
ОЖЕ
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
ТжДОЖ
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
ОБжК
Оқытуды басқару және көшбасшылық
ОҮБжОБ
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
ДО
Диалогтық оқыту
Қажетті ресурстар
- Тақта
- Стикерлер
- Постерге арналған қағаздар
- Маркерлер
- Бағалау парақтары
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту (білімді өзектендіру)
Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы диалогқа негізделіп тексеріледі. Оқушылар слайдта берілген сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды топпен орындайды.
Жетекші сұрақтар
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- Етістік неше шаққа бөлінеді?
- Осы шақ дегеніміз не?
- Келер шақ дегеніміз не?
- Өткен шақ дегеніміз не?
2) Түсіну (мәтінмен жұмыс)
Интербелсенді тақтадағы слайд бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты анықтайды. Оқушылар мәтінді өз бетімен меңгеріп, түсінбеген тұстарын белгілеу арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Жаттығу
106-жаттығу. Оқып шығып, мәтіндегі етістіктердің қай шақты білдіріп тұрғанын көрсетіңдер.
Мақсат: осы шақ пен нақ осы шақты мәтін ішінен дәлелмен анықтау.