Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау». Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды өлеңді шапшаң әрі мәнерлеп оқуға төселдіру.
- Жуан дауысты дыбыстарды ажыратуға үйрету.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Сөйлеу тілін және ой-өрісін дамыту.
- Берілген сұрақтарға тиянақты жауап беруге үйрету.
- Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Үй жануарларының пайдасын білуге үйрету.
- Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Өткен сабақты пысықтау
Қайталау сұрақтары
- Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
- Төрт түліктің пірлерін атаңдар.
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?
Жауап үлгілері
Мақал-мәтелдер
- Ат — адамның қанаты.
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Төрт түліктің пірлері
- Жылқы атасы — Қамбар ата
- Сиыр атасы — Зеңгі баба
- Түйе атасы — Ойсылқара
- Қой атасы — Шопан ата
- Ешкі атасы — Сексек ата
Төл атаулары
Жылқы төлі
құлын
Сиыр төлі
бұзау
Түйе төлі
бота
Қой төлі
қозы
Ешкі төлі
лақ
Жаңа сабақ
Ой қозғау
Сұрақтар
- Қазақ тілінде неше әріп бар?
- Сөз неден құралады?
- Дыбыстар немен таңбаланып жазылады?
- Әріп айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- Жуан дауыстылар нешеу?
Жауаптар
- 42 әріп бар.
- Сөз дыбыстан құралады.
- Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
- Екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
- Екіге бөлінеді: жуан және жіңішке дауыстылар.
- Төртеу: а, о, ы, ұ.
Түсіндіру: жуан дауыстылар (а, о, ы, ұ)
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екі топқа бөлінеді.
Жуан дауыстыларды (а, о, ы, ұ) айтқанда тілдің ұшы кейін қарай тартылады, тілдің үсті сәл көтеріліп айтылады.
Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз де жуан әуезбен айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей — 28-жаттығу
1) Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар
«Сүт»
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
2) Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар
Өлең ішінен а, о, ы, ұ әріптері бар сөздерді теріп жазыңдар және олардың қайсысы жуан дауысты екенін белгілеңдер.