Алшы түссе, алақай
Мағжан Жұмабаев
Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?
Алшы түссең - болғаның,
Тәйке түссең - тәуекел.
Бүге түссең - құрығаның,
Шіге түссең - ұрғаның.
Таңмын өзім, ой, алда-ай,
Өсіп қапты, апыр-ай,
Әй, қыз деген кәпір-ай!
Мен баяғы қалпымда.
Алсам биыл, күрке аулақ,
Жатар ек-ау екеуміз.
Бір аяқ қатық тастап ап,
Қойға кетсем мен күндіз.
Қойды айдасам түс ауа,
Ырғала басып, ыңыранып,
Қатыным шықса қой сауа,
Сусынға қойса қымыран ғып.
Күркеге барсам, жайланып:
Әй, қатын, бері кел! - десем,
Бірдеңеге айналып,
Ол кешігіп, келмесе.
Қайта шығып күркеден,
Қатынға барсам тістеніп.
Отырған жерде желкеден
Теуіп-теуіп қалсам кеп.
Ол көзіне жас алып:
Адыра қал,- десе,- адыра қал
Ал, асықты байқалық,
He дер екен біздің бал?
Алшы түссе, алақай!
Түс,- дегенде,- түс, құрғыр!
Қырыққа келген балақай ,
Тәйке түсті-ау! Тәуекел!
Мерекелер жайлы
Математика және халық ауыз әдебиеті
Асық ойындары
Асықтың түрлерімен атаулары
Асық ойынының бүгіні
Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес
Асық ойынының түрлері және мәні
Қазақ халқының сүйек бұйымдары мен оған байланысты әдет-ғұрыптары
Математика сабағында халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесі
Балалр ойыны
Бойын сіреспе буғандай дірілдеп, қалшылдайды кеп
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мал соңында бүрсеңдеген жалшы
Адренэргиялық жүйке жүйесі - вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады
Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған 10 - 12 жіңішке және қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады
Жеңіс келді алақай
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ БОДО - БІРЖАСУШАЛЫ, ТАЛШЫҚТЫ ЖӘНДІК
Бадырақ - байдың жалшысы
Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түссек, өміріміз шаттыққа тола бермек
Құл Алшын Қартайұлы, Құл батыр (1673 - 1742) - шектінің алғашқы ұраны, Бақтыбай батырдың ұстазы