Торт медовик

Үй рецепті

Медовик — бал қосылған торт

Бұл медовиктің ерекшелігі — қамыры міндетті түрде қоймалжың болуы керек. Дұрыс дайындалса, жұқа шелпектер жұмсақ болып піседі, ал қаймақты крем тортты нәзік әрі шырынды етеді.

Пеш температурасы: 180°C. Әр шелпек шамамен 7–10 минут піседі. Бұл мөлшерден 4–5 шелпек шығады.

Қамыр құрамы

  • Ұн 400 г
  • Бал (мёд) 500 г
  • Сары май (сливочное масло) 125 г
  • Жұмыртқа 3 дана
  • Көпсіткіш (разрыхлитель) 10 г
  • Ванильді қант 10 г
  • Лимон қабығының үгіндісі 1 шай қасық

Қамырды дайындау

  1. 1) Құрғақ қоспаны дайындау

    Ұнды електен өткізіп, көпсіткішпен жақсылап араластырыңыз.

  2. 2) Жұмыртқаны бөлу

    3 жұмыртқаның ағы мен сарысын бөлек ыдыстарға бөліп алыңыз.

  3. 3) Бал қоспасын дайындау

    Балды ыдысымен бірге ыстық су буына қойып ерітіңіз. Үстіне 125 г сары май қосып, толық ерігенше араластырыңыз. Содан кейін жұмыртқаның сарысын және лимон үгіндісін қосып, тағы араластырыңыз.

  4. 4) Ақуызды көпірту

    Жұмыртқаның ағын миксермен көпіршік болғанша шайқаңыз. Шайқау барысында ванильді қантты қосыңыз.

  5. 5) Қоймалжың қамыр илеу

    Електен өткізілген ұн қоспасына балдан дайындалған қоймалжыңды және көпіртілген ақуызды қосып, біркелкі масса болғанша араластырыңыз. Қамыр сұйықтау, қоймалжың болып шығуы тиіс.

  6. 6) Шелпек пісіру

    Табаның ішіне арнайы қағаз төсеп, жеңіл майлап алыңыз. Қамырды құйып, бетін тегістеңіз. Алдын ала қыздырылған пеште 180°C температурада 7–10 минут пісіріңіз.

    Осы мөлшерден 4–5 шелпек шығады. Піскен шелпектерді 2–3 сағат суытып алыңыз.

Крем құрамы

  • Қаймақ (майлылығы 30%) 1 кг
  • Шекер 400 г
  • Ванильді қант 10 г

Кремді дайындау

Қаймақ, шекер және ванильді қантты бір ыдысқа салып, миксермен біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз.

Тортты жинау

  1. 1

    Дайын шелпектерді қалаған пішінде қиып дайындаңыз.

  2. 2

    Әр шелпектің арасына кремді қалыңдап жағып, шелпектерді қабаттап жинаңыз.

  3. 3

    Үстіне және жанына үгінділерді себіңіз.

Дайындаған: Жадыра