Лексикалық минимум
Түйіндеме
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынамын. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұнына сай жоспарланған. Сабақ барысында оқушылар мұғалімнің бағыттауымен жұмыс жасап, жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік алады.
Сабақ туралы негізгі ақпарат
Пән және сынып
Қазақ тілі, 3-сынып (оқыту тілі — орыс тілі).
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
Сабақтың тақырыбы
«Азға қанағат ет».
Оқу мақсаттары
- 1 3.1.3.1 — тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру; кесте толтыру.
- 2 3.2.1.1 — сөйлеу барысында мәтін тақырыбына қатысты сөздерді қолдану.
Бағалау критерийлері
Оқушы мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және тақырыпқа қатысты өз ойын айтады.
Тілдік бағдар
Лексикалық минимум
Грамматикалық минимум
Жіктік жалғауы.
Диалог пен жазуға арналған пайдалы сұрақтар
- Ол демалыста қайда барады?
- Кімге көмектеседі?
Бастапқы білім
Оқушылар жаман қылық туралы өз ойларын айтады. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы анықтай алады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Шағын өлең (хормен айтуға болады)
Мен досымды сүйемін,
Мен әлемді сүйемін.
Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Қазақ тілін үйреніп,
Еркін сөйлер болармын!
Өткен сабақты тексеру
«Серпілген сұрақтар» әдісі
Мұғалім сұрақтар арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді және оқушылардың түсіну деңгейін байқайды.
- Балалар, біз қазір өтіп жатқан модуль қалай аталады?
- Қандай жақсы сөздерді білеміз?
- Қандай жаман қасиеттерді білеміз?
- Сендер өздеріңді қандай оқушы деп санайсыңдар?
- Өткен сабақта қандай сөздермен таныстық?
- Өткен сабақта оқыған мәтініміз қалай аталды?
- Мәтін кімдер туралы?
- Кадиша қандай? Неліктен?
- Сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?
- Кім осы мәтіннің мазмұнын айтып береді?
Бағалау тәсілі
Дұрыс жауап берген оқушылар смайлик арқылы бағаланады.
Автор туралы мәлімет
Ақсай қаласы, №4 ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Б. К. Кусаева.
Материал: «Азға қанағат ет» (жүктеу).