Қайталау сабағы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Оқыту әдістері

  • Зерттеушілік көрсетілім
  • Есептер шығару

Құрал-жабдықтар

  • Амперметр
  • Вольтметр
  • Жалғағыш сымдар
  • Кілт
  • Ток көзі
  • Презентация
  • Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

  1. Өткізгіштерді жалғау тақырыбын тереңдету, электр тогына қызығушылықты арттыру және электр құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  2. Оқушылардың ізденіс нәтижесінде шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Ой түйіндеуге, қорытындыны есеп шығаруда тиімді қолдануға тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

Сабақ “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” бағдарламасы негізінде ұйымдастырылады.

Қызығушылықты ояту

7 минут

  • Сызба арқылы сәйкестікті табу.

Мағынаны ажырату

27 минут

  • Кестемен жұмыс.
  • Құралдардың бөлік құнын анықтау.
  • Екі сызбаны салыстыру: түрі, ерекшелігі, ұқсастығы.

Ой-толғаныс

7 минут

Қорытынды шығару, негізгі ұғымдарды бекіту және тапсырмалар бойынша нәтижені жинақтау.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар және құрметті қонақтар! Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Ең алдымен бір-бірімізге жақсы көңіл күй мен ізгі тілектер айтайық. Бүгінгі күн сіздерге тек сәттілік әкелсін!

Сабақтың ұраны

Конфуций сөзімен айтсақ:

Маған айтып берсең — ұмытып қаламын,
көрсетсең — есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң — үйренемін.

Қайталау: өткізгіштерді жалғаудың түрлері

Өткізгіштерді (кедергілерді) жалғаудың негізгі екі түрі бар: тізбектей және параллель.

Тізбектей жалғау

Егер 1-өткізгіштің соңы 2-өткізгіштің басымен, 2-өткізгіштің соңы 3-өткізгіштің басымен жалғанса, мұндай қосылу тізбектей жалғау деп аталады.

Параллель жалғау

Егер өткізгіштердің бастары бір ғана A нүктесінде, ал ұштары екінші B нүктесінде біріктірілсе, мұндай қосылу параллель жалғау деп аталады.

Жұмыс тапсырмасы

Дәптерлеріңізді ашып, тақырыпты жазыңыздар. Берілген тапсырма бойынша тізбектей және параллель жалғауға арналған сызбаларды толтырыңыздар және негізгі физикалық шамалардың байланысын көрсетіңіздер:

  • ток күші
  • кернеу
  • кедергі