Төрт түлік туралы жыр

Сабақ тақырыбы: «Төрт түлік туралы жыр». Қой

Бұл сабақта оқушылар төрт түлік түрлерімен танысып, оларды қалай шақыратынын, пірлерін қалай атайтынын және малдың адамға берер пайдасын түсінеді. Сонымен бірге өлеңді сауатты, мәнерлеп, дұрыс ырғақпен оқуға дағдыланады.

Сабақ мақсаты

Төрт түлік туралы білімді кеңейту, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Әдісі

Түсіндірмелі-иллюстративті.

Көрнекілік және байланыс

Слайдтар. Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, психологиялық дайындық жүргізіледі.

Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау

«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісінің мазмұны сұралып, негізгі ойы бекітіледі.

Актуалдау сұрақтары

  • Біз қай тарауды оқып жатырмыз?
  • Неліктен оны «халық ауыз әдебиеті» деп атайды?
  • Халық ауыз әдебиетіне қандай жанрлар жатады?

Атадан қалған асыл мұра

Мақал-мәтел Жұмбақ Жаңылтпаш Ертегі Мысал Аңыз Бесік жыры Батырлар жыры Төрт түлік жырлары

Жұмбақтар арқылы ой қозғау

  • Кішкене ғана бойы бар,
    Айналдыра киген тоны бар.

    Жауабы: Қой

  • Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
    Мінсең — қанат, сүті — дәрі, еті — тамақ.

    Жауабы: Жылқы

  • Үстінде тауы бар,
    Өзі қызық жануар.

    Жауабы: Түйе

  • Екі айнасы бар,
    Екі найзасы бар,
    Сыртылдаған тұяғы бар,
    Бір желпуіш сияқты бар.

    Жауабы: Сиыр

  • Басында таяғы бар,
    Төрт аяғы бар,
    Иегінде сақалы бар.

    Жауабы: Ешкі

Қой туралы қысқаша мәлімет

Қой — төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Ол тез көбейеді және адамға берер пайдасы мол: еті — тағам, сүті — сусын, жүні — тұрмысқа қажет шикізат.

Бүгінгі сабақта төрт түлік малдың бірі — қой туралы тереңірек танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Өлең

Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Қойдың сүті — қорғасын,
Қойды ұрған — оңбасын.

а) Баяндау

Өлеңнің мазмұны түсіндіріледі.

ә) Іштей оқу

Оқушылар өлеңді өздігінен оқиды.

б) Тізбектей оқу

Өлеңді кезектесіп, мәнерлеп оқиды.

ІV. Тапсырмамен жұмыс

Сұрақ

Қой туралы не білесіңдер? Ойларыңды толық сөйлеммен айтып, өзара байланыстырып сөйлеуге тырысыңдар.

  • Қойдың пайдасы қандай?
  • Қойды қалай күту керек?
  • Малды күтіп-баптауда қандай ұлттық ұстанымдарды білеміз?

Сабақтың тәрбиелік мәні: ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малға мейіріммен қарап, оны ұрмауға дағдылану.